Баспан – Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі тау сілемі.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1575 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Солтүстік-батыс беткейі тіктеу келген. Оңтүстігінде Тарбағатай жотасынан Базар, Қарғыба өзендері аңғарымен бөлінген. Солтүстік-шығыс беткейінен ұсақ өзендер мен бұлақтар бастау алады.
Геологиялық құрылымы Геологиялық жер қыртысы Тарбағатай жотасымен, Алтай тау жүйесімен бірге қалыптасқан.
Өсімдігі Жотаның тіктеу келген беткейін қайың, терек аралас қылқан жапырақты орман көмкерген.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары