Сұңқарлар () — сұңқартәрізділер отрядының (Falconiformes) жыртқыш құстар тұқымдасы.

Тұқымдаста 11 тек пен 58 биологиялық түрі бар. Ең кішкентайы - ергежейлі сұңқар, дене тұрқы 15-19 см.

Таралуы Антарктидадан басқа жерлерде тундрадан тауға дейін (шөлді аймақтарда да) кең таралған. Қазақстанда 7 (ителгі, бөктергі, тұрымтай, жағалтай, лашын, ақтырнақ, бөктергі, күйкентай) түрі бар.

Сипаттамасы Жұптасып тірлік етеді. Мекиені үш-төрт жұмыртқа табады. Көбіне тасқа ұялайды. Жұмыртқасын бір ай мөлшерінде басып, балапан шығарады. Балапаны бір жарым ай мөлшерінде ұядан ұшады. Сұңқарлар өз ауын (жемін) күндіз аулайды, ұшқан құстың көбіне қожа. Сұңқар өз жемін көбіне аспанда теуіп түсіреді. Кішігірім құстарды жерге жеткізбей, қайта оралып, іліп әкететін кездері де болады. Қонақтаған құстарды өздері үркітіп барып, теуіп түсіретін сәттері де жиі, Қоян сияқтыларды қашып бара жатқанда-ақ тебеді.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Жіктелуі Тұқымдаста 11 тек бар: Daptrius Ibycter Phalcoboenus Caracara, бұрын Polyborus Milvago Herpetotheres Micrastur Spiziapteryx Polihierax Microhierax Falco

Дереккөздер

Санат:Сұңқарлар Санат:Сұңқартәрізділер