Белое – Есіл алабындағы ащы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Әлжан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км жерде, теңіз деңгейінен 375,3 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 18,3 км 2, ұзындығы 5,6 км, енді жері 4,4 км, жағалауының ұзындығы 17,4 км. Жауын-шашын, қар суларымен толысады.

Жағалау сипаты Көл қазаншұңқырының пішіні сопақша, түбі күрделі келген, жағасы жайпақ. Су жиналатын алабының 25%-ы жыртылған, қалған бөлігінде бетеге, боз өскен. Заря ауылының тұсында (көлдің оңтүстік бөлігі) көктеректі-қайыңды тоғай шоғырлары кездеседі.

Санат:Есіл су алабы көлдері Санат:Айыртау ауданы көлдері