«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы — Қазақстанның ұлттық мұнай компаниясы. Бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан.
Тарихы
2002 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнай-газ экономика секторында, Қазақстан Республикасының мүддесін қолдайтын, тиімділіктің деңгейін көтеру және мұнай-газ кешенін дамыту үшін «ҚазМұнайГаз» компаниясы құрылды. Компанияның 67% акциясының иесі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
«ҚазМұнайГаз» компаниясы «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ және «Мұнай және газ көлігі» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ компанияларын бір-біріне қосу арқылы құрылды. Сондықтан өзіне дейінгі компаниялардың құқықтық мирасқоры болып келеді.
Басшылары «Қазақстаннефтегаз» басшылары Болат Елеманов 07.1991-03.1992 «Қазақстанмұнайгаз» басшылары Болат Елеманов 03.1992-09.1993 «Мұнайгаз» басшылары Болат Елеманов 09.1993-04.1994 Мұрат Саламатов 1994-1995 Төлеген Хасанов 1995-1997
«Қазақойл» басшылары Нұрлан Балғымбаев (4 наурыз 1997 - 10 қазан 1997) Балтабек Қуандықов (қазан 1997-сәуір 1998) Нұрлан Қаппаров (сәуір 1998 - тамыз 1999) Ұзақбай Қарабалин (тамыз 1999 - қазан 1999) Нұрлан Балғымбаев (1 қазан 1999 - 20 ақпан 2002)
«ҚазМұнайГаз» басшылары Ләззат Қиынов (20 ақпан 2002 — 12 наурыз 2003) Ұзақбай Қарабалин (12 наурыз 2003 - 29 мамыр 2008) Серік Бүркітбаев (29 мамыр 2008 - 20 тамыз 2008) Қайыргелді Қабылдин (20 тамыз 2008 - 5 қазан 2011) Болат Ақшолақов (5 қазан 2011 - 22 желтоқсан 2011) Ләззат Қиынов (22 желтоқсан 2011 - 3 шілде 2013) Сауат Мыңбаев (3 шілде 2013 - 20 қараша 2018) Алик Айдарбаев (20 қараша 2018 - 11 сәуір 2022) Мағзұм Мырзағалиев (14 сәуір 2022 - 15 мамыр 2024) Асхат Хасенов (28 мамыр 2024 жылдан бері)
Мұнай және газ өндіру көрсеткіштері 2000 жылы бұл компанияларда 5,8 млн. т мұнай өндірілді, оның 3,57 млн. тоннасы экспортқа шығарылды. 89 жаңа ұңғыма іске қосылды. Ұлттық компания “Атырау мұнай өңдеу зауытының” акциялар пакетінің 86%-ын иеленеді К. Қажымұрат мақаласы.
Компанияның жобалары
Иесі 2023 жылға арналған компания есебі бойынша акционерлері:Аудиторский отчет за 2023 год (консолидированный) Самұрық-Қазына (67,42%) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (20%) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі (9,58%) Еркін айналымдағы акциялары (3%)
Еншілес компаниялар «ҚазМұнайГаз» 2024 жылғы қараша айындағы ақпарат бойынша төмендегідей компаниялардың 10%-дан артық акциясына иелік етеді:Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі Мұнай-газ барлау және өндіру «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – 99,72% Mangistau Investments B.V. – 50% «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 100% CITIC Canada Energy Ltd. – 50% CITIC Canada Petroleum Ltd. – 100% «Қаражанбасмұнай» АҚ – 94,6% «Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорны» ЖШС – 100% PetroKazakhstan Inc. – 33% «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ – 100% «Торғай-Петролеум» АҚ – 50% «Ембімұнайгаз» АҚ – 100% «Өзенмұнайгаз» АҚ – 100% «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – 20% «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС – 100% Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KПO) – 10% Coöperatieve KazMunaiGaz U.A. – 99,79% KMG Kashagan B.V. North Caspian Operating Company N.V. - 16,88% Dunga Operating GmbH – 100% (Доңға жобасындағы үлесі – 60%) «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (КТМ) – 100% «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорыны» ЖШС (КГМ) – 50% «KMG Barlau» ЖШС – 100% «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» ЖШС – 99,81% «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (КОА) – 50% «Өріктау Оперейтинг» ЖШС – 100% «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС – 50% «Becturly Energy Operating» ЖШС – 50% «Құрманғазы Петролеум» ЖШС – 100% «Жамбыл Петролеум» ЖШС – 100% «Karaton Operating Ltd» жеке компаниясы – 50% «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС – 50% «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС – 50% «Женис Оперейтинг» ЖШС – 50%
Мұнай-газ тасымалдау «ҚазТрансОйл» АҚ – 90% Каспий Құбыр Консорциумы (КТК) – 19% «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС (Казмортрансфлот) – 100%
Мұнай-газ өңдеу және басқа сала «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100% «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53% TH KazMunaiGaz B.V. – 100% Valsera Holdings B.V. – 50% «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – 99,43% «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС – 100% «ҚазРосГаз» ЖШС – 50% «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС – 49,5% KMG International N.V. (Rompetrol) – 100% Kazakhstan Pipeline Ventures LLP – 49,9% (Каспий құбыр консорциумның 1,75% акционері) Coöperatieve KMG ЕР U.A. – 87,65% KMG ЕР Netherlands Energy Coöperatief U.A. – 95,1% «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС – 100% «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС – 100% «KMG Drilling&Services» ЖШС – 99,7% «KMG PetroChem» ЖШС – 100% «KMG-Security» ЖШС – 100% «KMG Green Energy» ЖШС – 100% «KMG Systems & Services» ЖШС – 100% «KMG Automation» ЖШС – 49% «KMG EP-Catering» ЖШС – 100% «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС – 100% «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС – 93,88% «Petrosun» ЖШС – 49% «Полимер Продакшн» ЖШС – 100% «ӨзенМұнайСервис» ЖШС – 100% «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС – 100% «ТеңізСервис» ЖШС – 49% «Су өндіру және тасымалдау Басқармасы» ЖШС – 100% «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС – 25% «Каспийская Нефтегазовая Компания» ЖШҚ – 50% «Нефтегазовая Компания Центральная» ЖШҚ – 50% «Грейс Казахстан Каталистс» ЖШС – 12,5% «Professional Geo Solutions Kazakhstan» ЖШС – 50% «Oil Construction Company» ЖШС – 100% «Oil Services Company» ЖШС – 100% «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС – 100% «Мұнайтелеком» ЖШС – 100% «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС – 100% «Силлено» ЖШС – 29,9% «КС Energy Group» ЖШС – 49% «Zhylyoi Operating» ЖШС – 50%
Тағы қараңыз QazaqGaz
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Санат:Қазақстанның ұлттық компаниялары Санат:Астана халықаралық биржасында тіркелген компаниялар