Бедерлеуіш - металдың бетіне бедер салатын құрал. Бедерлеу барысында нақыштау, бұдырлау, бунақтау сияқты тәсілдерді қолдану үстінде пайдаланатын ұңгуыр, шаппашот, сарнауық, қыргы, шекіме т.б. аспаптарды бедерлеуіш құралдар деп атайды. Бедерлі күміс - бетіне ою-өрнек салынған күміс. Қолөнерде бедерлі күмісті кейде сүйек кесінділерімен алмастырып қолданады. Бедерлі күміс зергерлік, үй жиһаздары, ат жабдығы т.б. бұйымдарды әшекейлеуде кездеседі. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология