Болбыр () – сукөріктер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені мен Зайсан көлінде, ағысы баяу су бетінде қалқып немесе судың орта деңгейіне дейін батып өседі. Шоқ Болбыры () деген 1 түрі бар. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Биіктігі 50 – 100 см, сабағы ұзын, су бетінде қалқып тұрады. Қосалқы тамырлары арқылы су түбіне бекінеді. Жапырақтары майда, сағақсыз, таспа пішінді, ұзындығы 2 см-дей. Сабаққа кезектесіп не қарама-қарсы 3 – 5-тен топталып орналасады. Гүлдері реңсіз, дара жынысты, бір үйлі. Аталық гүлінде 3 тостағанша және 3 күлте жапырақшалары болады. Маусым айында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі бұршаққынға ұқсайды. Болбырмен суда тіршілік ететін жәндіктер мен балықтар қоректенеді.

Дереккөздер

Санат:Сукөріктер