thumb|Рауан Исалиев right|thumb|Допты хоккей әлем чемпионаты 2016 (жартылай финал), Сімбір thumb|Пошта маркасы Әлем Чемпионаттарына Қазақстан құрамасы 1995 жылдан бастап қатыса бастады. 21 рет Әлем Чемпионатында бақ сынап, алты рет (2003, 2005, 2012, 2013,2014 және 2015 жылдары) қола жүлдеге ие болды. Он үш рет төртінші орынды иемденіп (1995, 1997, 2001, 2004, 2006-2011, 2016, 2018, 2019), 1999 және 2017 жылы бесінші орынды қанағат тұтты.

Қазақстандағы бендидің дамуы Негізі, допты хоккей біздің елде қарқынды түрде дамымаған. Тек Оралда «Ақжайық» деген командамыз бар. Бұл команда Ресей чемпионатының бірінші лигасында спорттық шеберліктен шыңдап жүр. Ал бір қаланың клубымен жүлделі орындарға сына қағу әсте мүмкін емес. Бірақ бүгінде ҚР құрамасының тізгінін ұстаған азаматтар жүлделі орынға ие болу үшін Ресей ойыншыларына иек артып келеді. Бұл тұрғыда Александр Ионкин мен Александр Осокин Ресей құрамасының сапына ілікпей қалған тәжірибелі ойыншыларды Қазақстан құрамасының сапына тартуда. Сол ойыншылардың арасында әлем чемпионаты кезінде Қазақстан құрамасының жейдесін киіп, ел намысын қорғағандары болмаса, Қазақстанғa үш қайнаса да сорпасы қосылмайтындары жетерлік. Араларында қазақ топырағында тәрбиеленген ойыншылар да баршылық. Тек ондайлар көп емес. Мұның басты себебі - бендидің олимпиадалық ойындар бағдарламасына ене алмай отырғандығынан.

Кеңес Үкіметі тұсында Алматының «Динамосы» дүрілдеп тұрған кездің өзінде, осы тәжірибе қолданылған. Сол кездің өзінде әйгілі «Динамоның» сапында Ресейдегі Орал өңірі мен Еділ жағалауының түлектері көп болған. ҚР спортының тарихындағы даңқты бапкер, ұлағатты ұстаз Эдуард Айрихтің дәнін қазақ жеріне әкеп еккен спорты осылай дүрілдеген.

2006 жылғы әлем чемпионаты алдында Норвегия тарапы «Қазақстан қулыққа салып, Ресей ұлттық құрамасының сапына ілікпей қалған орыс хоккейшілерін жинап алып жүр. 1999 жылға дейін өз хоккейшілерімен ойнады да, одан бері құрама сапын Ресей жігіттерімен жасақтап келеді. Олармен кездескен сайын, ылғи 30-дың ішіндегі жаңа хоккейшілерді кездестіреміз», – деп реніш білдірген. Алайда Халықаралық допты хоккей қауымдастығы «Қазақстан жаңа ойыншыларының бәрін да заң жүзінде орайластырып, өз құрамдарына алуда. Осы тұрғыдағы талаптардың бәрін орындап отырғандықтан, ешқандай кінә таға алмаймыз» деген болатын. Осымен сөз біткен. Содан бері қола медаль норвег бендишілерінің түсіне ғана кіреді...

Азия ойындары 2010 жылдан бері бенди Қазақстанда ауызға жиі алына бастады. Себебі 2011 жылғы Алматы мен Астанада VІІ қысқы Азия ойындары өтеді. Осыған орай, жоғарыда айтылған әйгілі «Динамо» командасының сұр мергені, гол соғудан КСРО рекордшысы Евгений Агуреев «өз жерімізде өтетін Ақ Азиаданың бағдарламасына дүбірлі дода қожайындары ретінде бендиді қосқанымыз дұрыс. Өйткені бұл спорттың түрінен Азияда бізге қайрат көрсете алатын ешкім жоқ. Яғни жалпыкомандалық есепте бір алтын қоржынымызға оңайшылықпен түседі» деп ұсыныс тастаған-ды. Орынды пікір әзірше қолдау тауып отырған сыңайлы. Содан бері бендиді аз да болса, ескере бастадық. Мәскеуде өтетін әлем чемпионатында Азиядан екі команда қатысады. Қазақстан құрамасы «А» тобында бақ сынаса, Моңғолия төменгі топта сынға түседі. Естуімізше, допты хоккейді 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары бағдарламасына енгізсек, құрлықтың шығыс бөлігіндегі кейбір елдер бұл спортты дамытуды қолға алып, команда жасақтамақ.

Әлем чемпионаты ЖылОрынҚатысушылар1995481997491999562001472003920044112005112006412200741220084132009413201041120114112012142013142014172015172016418201751820184162019420

Бас бапкерлері БапкерлерЖЖБорис Чехлыстов1992—1995Вячеслав Горчаков1995—1997Михаил Комков1997Сакен Нугманов1997—1999Александр Ионкин1999—2012Алексей Никишов2012—2016Ильяс Хандаев2018 —

Қазіргі құрам Қазақстан ұлтық құрамасы 2019 Әлем Чемпионатында Ванерсборгта, Швеция.

Pos.AgeNameClubGK1Вячеслав Горчаков АқжайықGK33Бержан Ахметжанов АқжайықDF5Болат Мұхит Ақжайық DF 7Еламан Әліпқалиев АқжайықDF8Андрей Гущин АқжайықMF9Самат Аманшин АқжайықMF14Сұлтан Қадыржанов АқжайықMF11Қуаныш Теміралин АқжайықMF17Петр Грибанов АқжайықMF2Павел Чебаков АқжайықMF25Евгении Щадрин Байкал-ЭнергияMF22Илья Глухов АқжайықFW20Азат Бектұрған АқжайықFW10Рауан Исалиев Сибсельмаш НовосибирскFW19Артем Вшивков СибсельмашFW18Ескендір Нығманов Хевик БандиFW95Максим Өтебалиев Ақжайық

Сілтемелер

Санат:Қазақстан допты хоккей құрамасы