Біршоғыр – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Үлкен Бақтыбай тауының солтүстігінде 6 км жердегі тау.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 638 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта созылып жатыр. Мұғалжар тауының оңтүстік бөлігіндегі оқшауланған тау массиві.

Өсімдігі Қоңыр қызғылт топырағында жусан, боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт, бұталар өскен. Солтүстігінен Ақтөбе – Шалқар темір жол және автомобиль жолдары өтеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы таулары