‎ Доланқара – Құлжабасы тауының солтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1166 м. Оңтүстік-шығыс беткейі тіктеу келген. Тау солтүстік-батысқа қарай Батпаққайнар төбесімен, т.б. шоқылармен ұласады. Оңтүстігінде шамамен 18 км жерде Отар-Алматы темір жол бойы орналасқан. Шығысында аласа келген Қолаңбас тауы мен құдығы бар.

Өсімдігі Қоңыр және сұр топырағында жусан басым, астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) таулары