АҚШ азамат соғысы (Солтүстік пен Оңтүстіктің соғысы, ағылш: American Civil War) — 1861–1865 жылдары АҚШ-тың солтүстігіндегі құлдыққа қарсы Америка Құрама Штаттары (құл иеленуші емес 20 штат және солтүстікпен шекаралас құл иеленуші 4 штат) және оңтүстіктегі құл иеленуші Америка Конфедеративті Штаттары 11 штаттың (Конфедерация) арасындағы соғыс.

Соғыстың алғышарттары

XIX ғасырдың бірінші жартысында АҚШ территориясында бір біріне ұқсамайтын екі экономикалық аудан қалыптасты: аграрлы Оңтүстік пен өнеркәсіптік Солтүстік. Сол кезеңде қалыптасқан экономикадағы, әлеуметтік құрылымдағы, дәстүр мен саяси құндылықтардағы айырмашылықтар американдық секционализм ретінде белгілі.

Одақтың ыдырауы Оңтүстікте құл иеленушіліктің сақталуы АҚШ экономикасының дамуына кедергі жасады. 1860 жылы Солтүстіктің қолдауымен АҚШ-та республикалық партиядан А. Линкольннің президенттікке сайлануына байланысты Оңтүстіктіті жақтап келген демократтардың билігі (1829 — 1860) аяқталды. Бұл жағдай Америка Одағының ыдырау қаупін тудырды. 1861 жылдың қарсаңында (1860 жылдың 24 желтоқсаны) Оңтүстік Каролина өзін тәуелсіз деп жариялады. Сол жылдың басында Оңтүстіктің 5 штаты Одақтан шықты:

Миссисипи (1861 жылдың 9 қаңтары), Флорида (1861 жылдың 10 қаңтары), Алабама (1861 жылдың 11 қаңтары), Джорджия (1861 жылдың 19 қаңтары), Луизиана (1861 жылдың 26 қаңтары).

1861 жылдың 4 ақпанында Америка Конфедеративті штаттарының Уақытша Конгрессі ашылды. 6 штат жаңа мемлекеттің құрылуын жариялады (Америка Штаттарының Конфедерациясы). 11 наурызда Конфедерацияның Конституциясы қабылданды (Уақытша Конституция алмастырылды).

Жаңа мемлекеттік бірлестіктің президенті болып Миссисипи штатының сенаторы болған Джефферсон Дэвис сайланды. 1 наурызда Техас тәуелсіздігін жариялап, келесі күні Конфедерация құрамына енді. Техастан кейін Одақтан шығып, Конфедерацияға қосылған штаттар:

Вирджиния (тәуелсіздігі — 1861 жылдың 17 сәуірі, Конфедерацияға қосылуы — 1861 жылдың 7 мамыры), Арканзас (тәуелсіздігі — 1861 жылдың 6 мамыры, Конфедерацияға қосылуы — 1861 жылдың 18 мамыры), Теннесси (тәуелсіздігі — 1861 жылдың 7 мамыры, Конфедерацияға қосылуы — 1861 жылдың 2 шілдесі), Солтүстік Каролина (тәуелсіздігі — 1861 жылдың 20 мамыры, Конфедерацияға қосылуы — 1861 жылдың 21 мамыры).

thumb|Одақ: көк, сары (құл); Америка конфедерациялық штаттары: қоңыр*ақшыл түстегі аймақтар; Конфедерация жері күмәнді болды Ода Америка Одағы бір-біріне өш екі аймаққа бөлінді.

Соғыс қимылдары

1861 жылғы шайқастар

1861 жылдың сәуір айында Оңтүстік аймақ Оңтүстік Каролинадағы Федерациялық форт (қамал) — Самтерді басып алды. Солтүстік аймақ бүлікшілерге қарсы соғысқа кірісті. Линкольнның үндеуімен еріктілер жасақтары, жұмысшы полктары құрыла бастады. 1861 жылдың шілде айында Вашингтон қаласына жақын жердегі Булл-Ран жылғасында болған алғашқы ұрыс Оңтүстік армиясының жеңісімен аяқталды. Осы кезде Конфедерация құрамында 11 штат, Одақта — 23 штат болды. Булл-Рандағы жеңілістен кейін Солтүстік өзінің әскери күшін қайта құруға белсене кірісті. Армия Мак-Клемон опасыз генералдар мен офицерлерден тазартылды. right|thumb|380px| Конфедерация территорияларынан жыл сайын айрылу картасы thumb|left|Чарлстон, Оңтүстік Каролина, соғыс біткендегі Броуд көшесі

Теңіздегі соғыс қимылдары

Азамат соғысының басында американдық әскери-теңіз флотының негізгі құрамы федералды үкіметке адалдығын сақтады. Әскери кемелердің басым бөлігі солтүстіктіктердің бақылауындағы базаларда орналасқан еді. Бұл соғыстың бастапқы фазасында оңтүстіктіктердің жағалауын қоршауға мүмкіндік берді. Оңтүстіктіктердің порттары Еуропадан келетін кемелер үшін жабылды.

Қоршау өнеркәсібі дамымаған Оңтүстікке қатты әсер етті. Конфедераттардың еуропалық өнеркәсіп тауарларына тәуелділігі байқала бастады. Қоршаудан кейін барлық тауарлар оңтүстікке контрабанда ретінде ғана жетіп отырды.

Жағалауды қоршаумен қатар федералды флот жағалаудағы шайқастарға белсене қатысты. 1861 жылдың 3-7 қарашасында коммодор Самуэль Дю Понттың эскадрасы күшейтілген Порт-Рояль бұғасын басып алды. Оңтүстіктіктер жағалауды қорғау мақсатында әскери-теңіз саласында жаңалық болған миналар мен таран кемелерін қолдана бастады.

1862 жылғы шайқастар

1862 жылдың бастапқы айларында генерал Грант басқарған армия батыс Теннесидегі азат етіп, Миссисипидегі Мемфис қаласын алды. 1862 жылы көкек айында адмирал Фаррагут эскадрасы Оңт-тің ірі порты Жаңа Орлеанды басып алды.

Шенандоа аңғарындағы соғыс қимылдары

Генерал Макклеллан көктемнен бастап Ричмондқа Вирджиния түбегінен шабуылдау жоспарын дайындай бастады. Натаниель Бэнкстің отряды наурызда Шенандоа аңғарына басып кірді. Аңғардың қорғанысы Томас Джексонның 5-мыңдық отрядына жүктелді. Джексон алғашқы сәтсіздіктерге қарамастан Фримонт отрядын шабуылдап, талқандады. Бір айдың ішінде күш жинақтаған Джексон Бэнксты қайта шабуылдап, оның бір отрядын талқандады (Фронт-Рояль шайқасы). Бэнкс Винчестерге қарай шегіне бастады. Бэнксты қуып жеткен Джексон Винчестер шайқасында жеңіске жетті. Президент Линкольн Джексонды қоршауға үш әскер жөнелтті. Алайда, Джексон оңтүстікке өтіп кетуге үлгерді.

2 маусым күні Джон Фримонт (14 мың адам) пен Джеймс Шилдстың (10 мың адам) әскерлері Порт-Репабликке шегінген Джексонның ізіне түсті. 8 маусымда Ричард Юэлл Фримонттың Кросс-Крейстегі шабуылына тойтарыс берді, ал Джексон Шилдсты Порт-Репаблик түбінде шабуылдап, жеңіске жетті. Федералды әскер солтүстікке оралды. Джексон 18 маусымда Ричмонд қаласына бет алып, генерал Ли әскерімен қосылды.

Фредериксберг жорығы

Жылдың аяғы солтүстіктіктер үшін сәтсіз аяқталды. Бернсайдтың Ричмон қаласына жаңа шабуылын 13 желтоқсан күні генерал Ли бастаған әскер тоқтатты. Басымдылыққа ие федералды әскерт ойсырата жеңілді (солтүстіктіктердің адам шығыны конфедераттардың шығынынан екі есе артық болды). Бернсайдтың келесі әрекеті де жеңіліспен аяқталғаннан кейін өз орнынан босатылды.

Құлдарды азат ету прокламациясы (үндеу қағазы)

1862 жылдың мамыр айында Линкольн Гомстед туралы (жер үлесі) заңды бекітті. Заң бойынша әр адамға 160 акр жер тегін берілетін болды. Армиядағы фермерлер мен жұмысшылар үшін бұл заң өте қолайлы еді. Маңызды шара ретінде құлдықтан босату туралы үндеу жарияланды. Оңтүстіктен солтүстік аудандарға зәңилер (негрлер) топ-тобымен қашып келе бастады. Олардың Одақтық армияда болуына рұқсат етілді. Гомстед Заңы мен құлдарды босату құл иеленушілікке қарсы соққы болды.

1863 жылғы шайқастар

1863 жылдың алғашқы жорықтағы федералды әскер үшін сәтсіз басталды. 1863 жылдың қаңтарында федералды әскердің қолбасшысы ретінде Джозеф Хукер тағайындалды. Ол Ричмонд бағытындағы соғыс қимылдарын қайта бастады. Мамыр айының басында Чанселорсвиллдегі шайқас кезінде 130-мыңдық федералды әскер генерал Ли бастаған 60-мыңдық әскерден жеңіліс тапты. Солтүстіктіктер 17 275, ал оңтүстіктіктер 12 821 адамнан айырылды. Шайқаста Конфедерацияның ең үздік қолбасшыларының бірі Т.Дж.Джексон ауыр жараланып, мерт болды.

Геттисберг жорығы

1863 жылы жаз айында Азамат соғысының екінші табысты кезеңі басталды. Солтүстіктің әскерін басқарған генерал Мид 1863 жылы шілде айында Пенсильваниядағы Геттисберг түбінде үш күнге созылған ірі шайқаста генерал Ли басқарған Оңтүстік армиясын ойсырата жеңді. Дәл осы кезде генерал Гранттың жауынгерлері Миссисипи бойындағы Биксберг қаласын алды. Бүкіл Миссисипи жағалуы Солтүстіктің қолына көшті. Оңтүстіктің күші әлсірей бастады. thumb|Соғыстан кейін қойылған Республика Гранд Армиясына арнайы ескеркіш. Тылда да наразылық күшейді. Жүз мыңдаған зәңгілер Солт. армиясына, флотына өз еріктерімен келіп қосылды.

Теннесидегі шайқас

1862 жылдың аяғында федералды Кумберленд әскерінің басшысы болып генерал Уильям Роузкранс тағайындалды. Ол желтоқсан айында Тенессилік Брэггтің әскерін шабуылдап, оны оңтүстікке (Туллахома айналасындағы бекіністер) шегінуге мәжбүрледі. 1863 жылдың маусым-шілде айларында орын алған Туллахома жорығынан кейін Брэгг Чаттанугаға шегінді. Брэгг әскері 7 қыркүйекте Чаттануганы тастап кетті. Чаттануганы басып алғаннан кейінгі Роузкранстың қимылдары жеңіліске әкеле жаздады (19-20 қыркүйектегі шайқаста федералды әскер үлкен шығынға ұшырады). Брэгг Чаттануганы қоршауға алды. 23-25 қарашада генерал Улисс Грант әскері қаланы қоршаудан шығарып, конфедераттардың әскерін талқандады. Чаттанугадағы шайқаста солтүстіктер алғаш рет тікенекті сымды қолданған.

1864 жылғы шайқастар

1864 жылы соғыс барысындағы шешуші бетбұрыстар орын алды. Генерал Шерманның әскері 1864 жылдың көктемінде Оңтүстіктің маңызды тірегі саналатын Джорджия штатын, қыркүйек айында соғыс өнеркәсібі орталығы Атлантаны, желтоқсанда Атлант мұхитындағы ірі порт Саваннаны басып алды.

Ред-Ривер жорығы

1864 жылдың алғашқы жорығы 10 наурызда басталған Ред-Ривер болды. Генерал Бэнкстың мақсаты Техасты Конфедерациядан кесіп тастау болды. Алайда, 8 сәуір күні Мансфилд шайқасындағы жеңілістен кейін Бэнкс әскері кейін шегінді. Оның Плезант-Хилл шайқасындағы жеңісі жорық барысындағы сәтсіздіктерден құтқара алмады. Жорықтың сәтсіз аяқталуы соғыс барысына әсер етпегенімен, көктемдегі федералды әскердің Мобил портын басып алуына кедергі болды.

Атланта жорығы

Шығыстағы Оверленд жорығымен қатар батыста "Атланта үшін шайқас" басталды. Генерал Шерманның әскері Чаттануга шайқасынан кейінгі Теннеси әскерінің әлсіздігін пайдалана отырып, Алтантаға бет алды. Генерал Шерманның 27 маусымдағы фронталды шабуылы үлкен шығындарға алып келді. Конфедераттар Кенессо тау бөктерінде жеңіске жеткенімен, шайқас Шерманның тактикалық жеңілісімен аяқтылды.

4 айлық шабуылдың нәтижесінде 2 қыркүйек күні федералды әскер Атлантаға басып кірді. Генерал Худ Шерман әскерінің тылына жасаған алаңдату қимылдары нәтиже берген жоқ. 15 қараша күні генерал Шерман қарсыластардың ізіне түсуді тоқтатып, Саваннаяға бет алды (Шерманның әйгілі "теңіз жорығы"). Саванна 1864 жылдың 22 желтоқсанында біржолата құлады.

Федералды әскердің жетістіктері 1864 жылғы президент сайлауына әсер етті. Одақты қалпына келтіру және құлдықты жоюға уәде берген Линкольн екінші мерзімге сайланды.

1865 жылғы шайқастар

"Шерманның теңізге жорығы"

1864 жылдың 15 қарашасында Шерман Атлантадан Саваннаға бет алды. Майдан шебінің созылуы азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасын тудырды. Шерман азық-түлікті жол бойында кездескен тұрғындардан тартып алуға бұйрық берді. 1864 жылдың 21 желтоқсанында Шерман Саваннаны басып алды. 1865 жылдың 3 сәуірінде генерал Грант пен Шерманның біріккен күші Конфедерация астанасы Ричмондты алды. Генерал Ли 9 сәуір күні тізе бүкті.

Теңіздегі соғыс қимылдары

1865 жылдың басына қарай теңіздегі соғыс қимылдар аяқталды. Конфедерацияның 1864 жылғы сәнді-салтанатты тауарларды импорттауға тыйым салуы кері әсер етті (оңтүстіктің аумағында тауарларды спекуляциялық бағамен сату тиімсіз бола бастады).

Соңыстың аяқталуы

Конфедерация әскерінің капитуляциясы маусымның аяғына дейін жалғасты. Генерал Стэнд Уэйти бастаған үндіс бөлімшесі 23 маусым күні тізе бүкті.

1861 — 65 жылдардағы АҚШ-та болған азамат соғысы Америка халқының өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Оңт-те құлдықтың жойылуы АҚШ-та капиталистік қатынастардың дамуына зор мүмкіндіктер тудырды.Әдеб.: И в а н о в Р.Ф., Гражданская война в АҚШ, М., 1960; Новая история (первый период). Под редакцией Е.Е.Юровской и др., М., 1983.

Статистика

{| class="standard" style="text-align:right" |-align="center" !rowspan="2"| Соғысушы жақтар !rowspan="2"|Халық саны (1861 жыл) || rowspan="2" | Әскерге алынғандар || rowspan="2" | Өлтірілді || rowspan="2" | Жарақат алғандар !colspan="3"| Қайтыс болды |-align="center" ! Жарақаттардан || Аурулардан || Басқасы |- |align="left"| Америка Құрама Штаттары || 22 339 968 || 2 803 300Оның ішінде 2 667 000 жауынгер шайқастарға қатысты. || 67 058 || 275 175 || 43 012 || 194 368 || 54 682Оның ішінде 24 869 жауынгер түрме мен тұтқында қайтыс болды, 24 872 жауынгер өзін өзі мерт қылды немесе өлтірілді.'|- |align="left"| Американың Конфедеративті Штаттары || 9 103 33240 % — афроамерикандықтар.|| 1 064 200 || 67 000 || 137 000 || 27 000 || 59 000 || 105 000 |-