Тобық Жармағамбетов (1934, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы — 1973, Ақтөбе қаласы) — жазушы. 1957 жылы ҚазМУдің филология факультетін бітірген. Сосын өзінің туған поселкесінде орта мектепте мұғалім болған. Ақтөбе телевизия студиясының аға редакторы және бас редакторы болып істеген. Ақтөбе облысының «Коммунизм жолы» газеті редакциясында және өмірінің соңғы кездерінде мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет істеген. Повесть, әңгіме жанрында, теледраматургия саласында қалам тартты. Шығармалары: Нәзік бұлттар. А., «Жазушы», 1966; Екі жүрек. А., «Жазушы», 1968; Сентябрь түні. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Соңғы хат. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1974; Ақ жауын. І томдық. А., «Жазушы», 1984.
Шығармашылығы Алғашқы “Ескі жұрт” атты әңгімесі “Жұлдыз” журналында жарық көрді. Осы әңгіме 20 ғ-дың 60-жылдарының басында жарық көрген жас прозашылардың “Жол басы” деп аталатын тұңғыш жинағына енді. “Екі жүрек” (1968) “Қызыл ай” (1970) әңгімелері “Нәзік бұлттар” (1966) кітабын жариялайды. Қаламгердің таңдамалы шығармалары “Ақ жауын” деген атпен жарық көрді (1984).“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:1934 жылы туғандар Санат:Байғанин ауданында туғандар Санат:1973 жылы қайтыс болғандар Санат:Ақтөбеде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары