Қабылданған патша гамбиті — дебют, келесі жүрістермен басталады: 1. e2-e4 e7-e5 2. f2-f4 e5:f4 ашық бастаулардың бірі. Бұл бастама 16-ғасырдағы Лопестің еңбегінде алғаш рет кездеседі. Гамбиттің дамуына ортағасырлық Италия шеберлері — Греко, Палерио, Сальвио және т.б. зор үлес қосқан. 19-ғасырға дейін патша гамбиті бастамалардың ең жиі кездесетін түрі болатын. Нұсқалары 3. Фf3 — Брейер гамбиті 3. Сf1-c4 — піл гамбиті 3. Кg1-f3 g7-g5 4. h2-h4 g5-g4 5. Кf3-e5 — Кизерицкий гамбиті (көбісі ойындар осылай жалғасатын) 4. Cf1-c4 g5-g4 5. Cc4:f7+ — Лолли гамбиті 5. 0-0 — Муцио гамбиті 5. Kf3-e5 —Сальвио гамбиті

Сілтемелер Патшалық Гамбит (Кизерицкий Гамбиты)

Санат:Ашық дебюттер Санат:Гамбиттер Санат:Патшалық гамбит