Әлинә Маратқызы Қабаева () — ресейлік, әлемдік көркем гимнастиканың шоқ жұлдызы.

Әкесі — Марат жастайынан ала доптың құдіретіне арбалып, Ташкенттің «Пахтакоры» және Павлодардың «Трактор» командалары сапында өнер көрсетті. Анасы Людмила кезінде баскетболмен шұғылданды. Болашақ чемпионның өзі 1983 жылы Ташкентте дүниеге келді. Қызының бойындағы дара талантты ерте байқаған анасы оны Ресейге апарып, әйгілі Ирина Виннерге табыс етуді жөн көрді. Марат зайыбының бұл әрекетін құптамай, «қызымды ешқайда да жібермеймін» деп байбалам салған көрінеді. Ерлі-зайыптылар арасында біраз ұрыс-керіс болып, ақыры анасы Алинаны жетектеп, Мәскеуге аттанса, әкесі Ташкентте қалып қойды.

Алина өз қатарластары арасында дара талантымен бірден оқшауланады. 1996 жылы Ресейдің ұлттық құрама командасына қабылданған 13 жасар қыз көп кешікпей әлемдік гимнастиканың жарық жұлдызына айналды. Қабаева екі рет әлемнің (1999 жыл, Осака. 2001 жыл, Мадрид) және төрт рет Еуропаның (2000 жыл, Сарагоса. 2002 жыл, Гранада. 2003 жыл, Лиссабон, 2004, Киев) абсолютті чемпионы атағын жеңіп алды. «Гран-при» додаларында ол алтын тұғырдан түскен жоқ. Жекелеген есепте және командалық сайыста бірнеше мәрте дүние жүзі чемпионы атанды. 2000 жылы Сидней Олимпиадасында Алина алтын медаль алуға тиіс еді. Алайда құрсаумен өнер көрсетіп жатып, оны абайсызда қолынан түсіріп алды. Сол қателіктің салдарынан Ресей спортшысы қола жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды.

2004 жылы Грекияның астанасында ол өзінің, шын мәнінде, теңдессіз екенін тайға таңба басқандай етіп дәлелдейді. Ресей гимнасшысы жекелеген есепте де, көпсайыста да алдына жан салмады. Сөйтіп, Алина өзі армандаған Олимпиада алтынына қол жеткізді.

Ол Бейжің олимпиадасында бақ сынауды аңсады. Тіптен 2006—2008 жылдар аралығында бірқатар халықаралық жарыстарда топ жарып, өзінің мықтылығын мойындатты. Бірақ соңғы мәліметтерге сүйенсек, әйгілі гимнасшының ескі жарақаттары сыр беріп, жаттығу жасамағанына жарты жылға жуықтапты.

Марапаттары Оның есімі спорт шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Ресей үкіметі оның еңбегін жоғары бағалап, «Дружба» және «За заслуги перед отечеством» ордендерімен марапаттады.

Сондай-ақ Қабаева Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының депутаты болып сайланды.

Санат:12 мамырда туғандар Санат:1983 жылы туғандар Санат:Ташкентте туғандар Санат:4 дәрежелі Отан алдындағы қызметі үшін орденінің иегерлері Санат:Достық орденінің (Ресей) иегерлері Санат:Ресейдің еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Ресей Федерациясы Президентінің Құрмет грамотасының иегерлері Санат:Лесгафт атындағы университет түлектері Санат:Ресей көркем гимнастикашылары Санат:Ресейдің Олимпиада чемпиондары Санат:Көркем гимнастикадан Олимпиада чемпиондары Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының көркем гимнастары Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының көркем гимнастары Санат:Көркем гимнастикадан әлем чемпиондары Санат:Көркем гимнастикадан Еуропа чемпиондары Санат:Допингке қарсы ережелерді бұқзғаны үшін шеттетілген гимнастар Санат:Единая Россия мүшелері Санат:Ресей Қоғамдық палатасы (2006-2008) мүшелері Санат:Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының V шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының VI шақырылымының депутаттары Санат:Ресей саясаткер-әйелдері Санат:Ұлттық Медиа Топ Санат:Ресейдің туризм және қызмет көрсету мемлекеттік унивеситеті түлектері Санат:Алфавит бойынша гимнасттар Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары