Көлеңкелі – Үстірттің солтүстік-батысындағы қырат.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке қарай 25 – 30 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км. Абсолюттiк биіктігі 188 м. Қырат сармат ярусының әктасты қабатшаларынан түзілген. Батыс беткейі тік жарлы, көлбеу келген шығысы өзен аңғарымен тілімделген. Төбесі тегіс, жазық келген.

Өсімдігі Құнары шамалы сұр топырақта сораң өсімдік, аздап жусан, сай-жыраларда бұталар өседі. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Бейнеу ауданы таулары