Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжі — мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. 1977 ж. Ақтөбе ауыл шаруашылық техникумы болып ашылған. 1996 ж. Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжі болып аталды. Колледжде мал дәрігері, менеджмент, экономика, бухгалтерлік есеп және қадағалау, ауыл шаруашылығын механикаландыру, автоматтандыру және электрлендіру, агрономия мамандары даярланады. Сырттай оқытатын бөлімі бар. Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Санат:Алматы колледждері