Қошалақ – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы құм.

Географиялық орны Аудан орталығы – Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 48 км, Татыр көлінен батысқа қарай 4 км жерде.

Жер бедері Ұзындығы 20 км-дей, ені 6-7 км. Теңіз деңгейінен биіктігі 100 м шамасында. 19 ғасырдың орта кезінде мұнда Кенесары ханның ордасы болған. Беті ұсақ құм төбелер мен жалдардан тұрады.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ойпаңдарда жусан, селеу, беде, еркекшөптер мен басқа да шөптесін өсімдіктер өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, бауырымен жорғалаушылардан жылан, кесіртке, құстардан сары шымшық, боз шымшықтар мекендейді. Қошалақ жыл бойы мал жайылымы есебінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, 6-том. 2004

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы құмдары