Құланбасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының батыс сілеміндегі тау. Малайсары жотасының батысында, Жуанқұм мен Жіңішкеқұм құмды алқаптарының аралығында, Іле өзенінің оң жағасында орналасқан. Батыс етегінде Құланбасы ауылы бар

Жер бедері Теңіз деңгейінен биіктігі 892 метр, ұзындығы 24 км, ені 7 км шамасында. Солтүстік беткейі түйетайлы, сай-жыралармен тілімделген.

Геологиялық құрылымы Құланбасы пермьнің туф аралас эффузиялық жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Құнарсыз қиыршықты құмдақты топырағында жусан, эфемерлі өсімдік өседі.Қазақ энциклопедиясы, VI-том

Дереккөздер

Санат:Балқаш ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы