Павел Недвед (1972) — футболшы. Павел Недвед 1972 жылы тамыздың 30-ында Чехияның Хебта елді мекенінде туғанhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3603. Бойы 1 метр 77 сантиметр, салмағы 70 килограмм. "Алтын топтың" иегері, 2003 жылғы Еуропаның ең үздік футболшысы. World Soccer версиясы бойынша әлемнің 2003 жылының ең үздік футболшысы.

Өмірбаяны Карьерасында Чехия және Италия клубтарында ойнады. Клубтық деңгейдегі барлық жүлделерін Италияның "Лацио" және "Ювентус" командалары сапында ұтып алды.

Әсіресе 2003 жыл ол үшін сәтті болды. "Ювентус" УЕФА Чемпиондар лигасының финалында "Миланнан" ұтылып қалғанына қарамастан, Недведтің таланты мен еңбегі ескеріліп, бірнеше номинацияның иегері атанды (төменде көрсетілген).

Қазір "Ювентус" клубының вице-президенті қызметін атқарады.

1994 жылы 5 маусымда Ирландия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Чехия құрамасы сапында алаңға шықты. 1996, 2000, 2004 жылдары Еуропа чемпионатына, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысты.

2006 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын тәмамдады.

Жетістіктері Командалық Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1996 Италия чемпионы: 1999/2000, 2001/02, 2002/03 Италия суперкубогы: 1998, 2000, 2002, 2003 Италия кубогы: 1997/98, 1999/2000 УЕФА кубок иелері кубогы: 1999 УЕФА суперкубогы: 1999 Жеке Чехияның жыл футболшысы: 1998, 2000, 2003, 2004 Алтын доп иегері: 2003 Италиядағы жыл футолшысы: 2003 ФИФА 100

Дереккөздер

Сілтемелер http://www.pavelnedved.cz/ Санат:Чехия футболшылары Санат:Чехия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Славия Прага ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Алтын доп иегерлері