Алексеевка — Ақмола облысының Зеренді ауданындағы кент, Алексеев кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Зеренді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 67 км-дей жерде, Шағалалы өзенінің оң жағасында, қаратопырақты дала белдемінде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1880 жылы қаланған. 1962 жылы маңындағы доломит тасты кен орнын игеруге және доломит, темір-құйматас бұйымдары зауыты салынып, іске қосуларына байланысты Алексеевка кентке айналды.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен23351560 1405 90,1 737 678 92 823 727 88,3

8 жылдық мектеп, клуб, аурухана бар. Алексеевка арқылы Петропавл—Көкшетау темір жолы және автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Зеренді ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері