Болотбек Төленұлы Шәмшиев (12 қаңтар 1941 жылы туған, Бішкек) — қырғыз кинорежиссері, сценарийші, Қырғыз КСР-інің (1975) және КСРО-ның (1991) халық артісі.
Өмірбаяны 1964 жылы Мәскеу қаласындағы кинематография институтының режиссерлік факультетін (М.И. Роммның шеберханасы бойынша) бітірді. Кинодағы қызметін 1960 жылы актер ретінде бастады. 1964 жылдан “Қырғызфильм” киностудиясында режиссер ретінде қызмет етті.
Режиссерлің еңбектері Деректі кино саласы бойынша фильмдері “Шопан” “Манасшы” Көркем фильм саласы бойынша фильмдері 1968 ж. М.Әуезовтің “Қараш-қараш” атты шығармасын экрандады. “Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері” (1970) “Ақ кеме” (1976) “Ерте келген тырналар” “Ел ішінде” (1978) “Қасқыр апаны” (1984) секілді көркем фильмдерді қойып, қырғыз кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Кең тыныстылық, кейіпкерлер мінезінің қат-қабат сырын ашу, қарапайым өмір мәселелерінен ең күрделі әлеуметтік-философиялық ой түю — оның қойған фильмдеріне тән қасиет.
Сценарийлері Ол сонымен бірге фильм сценарийлерін жазуға да қатысты.
Марапаттары Қырғызстан Ленин комсомолы сыйлығы (1969) КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1977). 2 рет “Құрмет белгісі” ордені бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.
Дереккөздер
Санат:12 қаңтарда туғандар Санат:КСРО актерлері Санат:Қырғызстан актерлері Санат:XX ғасыр актерлері Санат:XX ғасыр кинорежиссёрлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:XX ғасыр сценарийшілері Санат:Манас орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты түлектері Санат:Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Қырғызстан халық әртістері Санат:Қырғызфильм тұлғалары Санат:КСРО кинематографтары одағы мүшелері Санат:Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қырғызстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері