Айша бибі — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл, Айша бибі ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстікке қарай 22 км-дей жерде, жазық дала белдемінде орналасқан. Жақын темір жол станциясы - Жамбыл қаласы (25 км жерде). 1990 жылға дейін "Головачевка" селосы болып аталған.
Инфрақұрылымы Ауылда “Айша бибі” өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Мәдениет үйі, емхана, орта мектеп бар. Ауыл үстінен Тараз - Шымкент автомобиль жолы өтеді, тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4615 4984 108 2375 2600 109,5 2241 2384 106,4
Тарихы Әскери әзірліктің бірінде ару Айша Тараздан келген жас батыр Қараханның өнеріне ғашық болады. Бірін-бірі ұнатқан екі жас өмірлік серік болуға уағдаласады. Уәделі кезде хабар болмаған соң хабарын білейін деп күйеу жігіттің еліне баруға әкесінен бата сұрайды. Бұл кезде Қараханның еліне жау шауып жатады. Әкесі "Жеті өзеннен өтсең де, дегеніңе жетпе" деп теріс батасын береді. Айша ару Қараханның еліне таянғанда Аса өзенінің жағасына тоқтап, Қараханға хабар жіберіп, өзі демалып жатқанда улы жылан шағып өлтіреді. Қарахан "Тірлігімізде қосыла алмай кеттік, өлгенде бірге болайық" деп сүйгеніне арнап биік төбенің үстіне күмбез орнатады. Бағананың 3,4 м биіктігінде арабша "Күз... Бұлттар... Жер жәннат" деп жазылған.
Ауыл маңы нобай|оңға|alt=Айша бибі және Бабаджа қатын кесенелері, Айша бибі ауылы|Айша бибі менен Бабаджа Қатын кесенелері Айша бибі мен Бабаджа хатун кесенелері - ауылдың шетінде қырда орналасқан. Ол қазіргі кезде мемлекет қорғауына алынып күтілуде, отбасын құрған жастардың тағзым ететін орнына айналған. Әулиебастау - Ауша бибі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км жерде орналасқан. Бұлақтан бастау алған көлшіктің ұзындығы шығыстан батысқа қарай 400 м, оңтүстіктен солтүстікке қарай 50-60 м, аумағы 2,5 га, тереңдігі 3,5 м. Бұл көлшіктегі екі бұлақ бастауының суы қысы-жазы буланып жылы болып тұрады. Қысы-жазы суы қатпайды. 1875 жылдардан бастап белгілі болған бұл бастау суының емдік қасиеті бар, әсіресе түрлі жаралардың жазылуына септігін тигізеді. Қолдан жасалған Ысмайл, Райс каналдары бар. "Таскөл" көлі - ауылдан 22 км қашықтықта орналасқан тереңдігі 6 м, аумағы 110 га көл.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері