Алабота – Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданының шығысында, Ертіс алабында орналасқан тұйық, тұзды көл.

Гидрографикасы Аумағы 22,4 км2. Су жиналатын алабы 2270 км2. Алаботаға оңтүстігінен Жарық, Жаңасу өзендері құяды. Батыс, солтүстік және шығыс жағалауы жарлы, оңтүстік батпақты, қамысты келеді. Қарашада суы қатып, сәуірдің 2-онкүндігінде мұзы ериді.

Кәсіптік маңызы Көлден алабұға, шортан, табан балық ауланады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Тайынша ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы