Бесқарағай — Павлодар облысы Аққулы ауданындағы ауыл, Қызылағаш ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Аққулы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-дей жерде, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1386821 522 63,6 420 277 66 401 245 61,1
Тарихы Іргесі 1930 жылы қаланған. Бұрынғы “Бесқарағай” асыл тұқымды кеңшары негізінде ауылда шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мәдени-ағарту мекемелері бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Аққулы ауданы елді мекендері