Аққұм – Орал алды үстіртінің оңтүстігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Темір ауданы, Темір өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 200-220 м биіктікте орналасқан.

Жер бедері, өсімдігі Ұзындығы 23 км, ені 6 км. Аққұмның жер бедері төбешікті келеді. Құм беткейлері жусан (шағыр), қияқ, қау, көде, бетеге, жүзгін т.б. шөптермен бекіген ызалы суы жақын жатқан ойлауытты жерлерінде қамыс, тал шоғырлары өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе облысы құмдары