Жаңатұрмыс — Алматы облысы Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде, Іле Алатауының солтүстік етегіндегі тарақшөп, бидайық, бұта шоғырлары аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптер басым өскен тау етегінің қара, қара қоңыр топырақты белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен22612259 4469 197,8 1142 2215 194 1117 2254 201,8

Инфрақұрылымы Жаңатұрмыста серіктестіктер, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы елді мекендері