Қараағаш – Мешітқұм құмының оңтүстік-шығысындағы құмды алқап.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Жиекқұм ауылының оңтүстігінде 25 км жерде орналасқан.
Жер бедері Ең биік жері 11 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-ге созылған, енді жері 5 км шамасында. Грунт суы 1 – 2 м тереңдікте. Солтүстігінде Қияңды қыстауы, шығысында Қашар, Құрман қыстаулары, оңтүстігінде Қарабұдыр құмы мен Ащықақ соры, батысында Қызыл құмы орналасқан.
Өсімдігі Құм төбешіктерінде жусан, құмаршық, құмсағыз, қияқ, бетеге, арпабас, сүттіген, т. б. өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы құмдары