Дихан Қамзабекұлы (19 маусым 1966, Жиынбай, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) — қазақстандық филолог, әдебиет тарихшысы, алаштанушы, саясаткер, филология ғылымдарының докторы (2003), профессор (2004), ҚР ҰҒА академигі, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты.
Өмірбаяны Қамзабекұлы 1966 жылғы 19 маусымда қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жиынбай ауылында дүниеге келген. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
1990 жылы ол ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша бітірген.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 «Әдеби-тарихи процесс: ағымдар, концепциялар (ағартушылық кезең)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 500-ден астам ғылыми және танымдық жарияланымның авторы.
Еңбек жолы 1990 - 1996 - ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;
1996 - 2000 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі;
2000 - 2002 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері;
2001 - 2004 - Қазақ ұлттық музыка академиясы (қазіргі ҚазҰӨУ) тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі;
2004 - 2005 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институтының директоры;
2005 - 2006 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры;
2006 - 2008 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры;
2008 - 2010 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры;
2010 - 2012 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді стратегиялық дамыту жөніндегі проректоры;
2012 - 2022 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры;https://enu.kz/contacts/prorektorlar/dikhan-amzabek-ly.php
2022 - 2023 - Егемен Қазақстан республикалық газетінің бас директоры;
2023 - 2026 - «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры (ішіне «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары кіреді).https://egemen.kz/article/333342-dikhan-qamzabekuly-qazaq-gazetterininh-bas-direktory-bolyp-taghayyndaldy
2026 - қ.у. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты.
Қоғамдық қызмет
Үш мәрте ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссияның мүшесі (2005, 2011, 2015). Қазақстан Республикасы Премьер-министрі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның мүшесі; Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның мүшесі; Республикалық Ономастика комиссиясының мүшесі; Астана қаласы Ономастика комиссиясының мүшесі; Қазақстан халқы Кіші ассамблеясының мүшесі.https://e-history.kz/kz/news/show/1418/
Шығармашылығы «Смағұл Сәдуақасұлы» (1996), «Руханият» (1997), «Алаш және әдебиет» (2002), «Пайым» (2004), «Алаштың рухани тұғыры» (2008), «Түркістан алқасы» (2011), «Жәдитшілдік және Алаш: түсіндірме сөздік» (2012), «Алаш — темірқазық», «Жұрт», «Ой алаңы» атты монографиялардың, «Ағартушылық және әдебиет» (2003) оқу құралының, Жүсіпбек Аймауытовтың 5 томдығын, Смағұл Сәдуақасұлының 3 томдығын (2009), Қошке Кемеңгерұлы таңдамалы шығармаларының, Қошке Кемеңгерұлының 3 томдығының авторы. С. Садуақасұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Аймауытұлы, Х. Болғанбай, С.Ғылмани т.б. академиялық мұрасын жариялады.
«Қазақтың Қошкесі», «Астана туралы бата», «Көздің қарашығындай» деректі фильмдерінің сценарийін жазған.
450-ге жуық журнал мен газет мақалаларының, 150-ден астам теле-радио материалдарының авторы.
Марапаттары
1994 - ҚР Президенті стипендиясының иегері; 1996 - Қазақстан журналистер одағының Сұлтанбек Қожанұлы атындағы сыйлығының иегері; 2000 - «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері (Ғылым аталымы); 2005 - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгісі; 2005 - «Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі» мерейтойлық медалі; 2005 - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаты; 2011 - Шыңғыс Айтматов атындағы академияның академигі (Қырғызстан); 2009 - ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды; 2018 - ҚР Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды; 2022 - ҚР Президентінің Жарлығымен III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан филологтары Санат:Алаштанушылар Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары