Сәлкен Дәуленұлы Дәуленов (10 қазан 1907 жыл, Игбай ауылы, Темір уезі, Орал облысы, Ресей империясы — 29 ақпан 1984 жыл, Алматы, Қазақ КСР) — қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1961-1962).
Өмірбаяны Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы Алты-Қарасу болысында бақташы болып бастады. 1925 жылдың қыркүйегінен Ақтөбе қаласындағы балалар коммунасының тәрбиеленушісі. 1927 жылдың қарашасынан - Ақтөбе округтік комсомол комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі. 1928 жылдың қыркүйегінен - Ташкент қаласындағы Ортаазиялық мемлекеттік универститеті жанындағы жұмысшы факультетінің студенті. 1931 жылдан - Ортаазиялық жоспарлау-экономикалық институтының студенті, оны 1933 жылы бітіріп шықты. 1933 жылғы желтоқсаннан Тәжік АКСР-і Жырғатал ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары 1934 жылғы тамыздан - Қазақ АКСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жоспарлау бөлімінің бастығы. 1936 жылғы қарашадан - Алматы қаласы Ленин аудандық партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы 1937 жылғы желтоқсаннан - Алматы қалалық партия комитетінің үшінші хатшысы. 1938 жылдың ақпанынан - Қазақстан Коммунистік партиясының үшінші, екінші хатшысы болды 1939 жылдың қазанынан - Башқұрт АКСР-і Абзелил ауданы Янгель астық кеңшарының директоры. 1944 жылдың маусымынан - Талдықорған облыстық жер басқармасының бастығы. 1945 жылдың сәуірінен - Түркістан облысы еңбекші депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы 1951 жылдың ақпанынан - Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Су шаруашылығы бас басқармасының бастығы 1953 жылғы мамыр-қараша аралығында - Қазақ КСР ауыл шаруашылығы және дайындау министрлігінің бас басқармасының бастығы. 1953 жылдың қарашасынан - Қазақ КСР жоғары тұтыну тауарлары өнеркәсібі министрінің орынбасары. 1954 жылдың тамызынан - Қазақ КСР су шаруашылығы министрі. 1957 жылдың шілдесінен - Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары. 1960 жылғы қыркүйектен - Семей облысы партия комитетінің 1-хатшысы. 1961 жылдың қаңтары 1962 жылдың қыркүйегі - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1963 жылдың ақпанынан - Жамбыл облысы жоспарлау комитетінің төрағасы. 1966 жылдың ақпанынан Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау комитетінің аумақтық жоспарлау бөлімінің бастығы. 1975 жылдың сәуірінен - ордақтық дәрежедегі зейнеткер. 1961 – 1963 жылдары КОКП ОК-нің мүшесі және КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаты.Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008
Сілтеме Сәлкен Дәуленұлы. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Дереккөздер
Санат:10 қазанда туғандар Санат:1907 жылы туғандар Санат:Ойыл ауданында туғандар Санат:29 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан Компартиясы ОК хатшылары Санат:Қазақ КСР су шаруашылығы министрлері Санат:Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағалары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткрелер Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағалары Санат:Қазақстан Компартиясы ОК екінші хатшылары Санат:КСРО аудандық кеңестерінің депутаттары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Орта Азия жоспарлау-экономикалық институты түлектері