нобай|300px Жаңасібір облысы () — Ресей Федерациясындағы әкімшілік субъект. Сібір федералды округінің құрамына кіреді. Әкімшілік орталығы — Жаңасібір қаласы.

Облыс 1937 жылдың 28 қаңтарында Батыс сібір өлкесінің Жаңасібір облысы және Алтай өлкесіне бөлінуі кезінде құрылғанАдминистрация Новосибирской области, «Область» . Кейін 1943 жылы облыс құрамынан Кемерово облысы, ал 1944 жылы Томск облысы бөлініп шықты.

Географиясы Жаңасібір облысы Батыс Сібір жазығының оңтүстік-шығысында орналасқан. Облыс территориясының ауданы . Облыс батыстан шығысқа қарай — 642 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке — 444 км-ге созылуда. Солтүстігінде — Томск облысымен, оңтүстік-батысында — Қазақстанның Павлодар облысымен, батысында — Омбы облысымен, оңтүстігінде — Алтай өлкесімен, шығысында — Кемерово облысымен шектеседі.

Халқы 2012 жылдың 1 қыркүйегінде Ресей мемлекеттік статистикасының Федералды қызметінің мәліметі бойынша Жаңасібір облысында 2 694 310 адам тұрады.

2002 жылғы бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша Жаңасібір облысындағы халық саны 2 692 251 адамды құрады, халқының саны бойынша облыс СФО-нде 3-орын, жалпы Ресей бойынша 16-орын алады. Халық тығыздығы — 1 км²-ге 14,9 адам (2005) Халық тығыздығы бойынша Сібір федералды округінде 3-орынға ие.

Қала халқының үлесі — 77,1 % (СФО-нде — 70,5 %; РФ-та — 73 %), ауыл халқы — 22,9 % (СФО-нде — 29,5 %; РФ-та — 27,0 %). Урбандалу көрсеткіші бойынша Сібір федералды округінде 4-орында.

Халқының ұлттық құрамы 2002 жылғы бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша (адам): Орыстар — 2 504 147 Немістер — 47 275 Украиндар — 33 793 Татарлар — 27 874 Қазақтар — 11 691 Белорустар — 8380 Армяндар — 7850 Әзербайжандар — 7366 Чуваштар — 4147 Еврейлер — 3322 Цыгандар — 2835 Тәжіктер — 2784 Мордвалар — 2608 Корейлер — 2154 Өзбектер — 2047 Езидтер — 1987 Марилер — 1661 Қытайлар — 1423 Грузиндер — 1417 Эстондар — 1399 Поляктар — 1288 Молдовандар — 1144 Башқұрттар — 1104

2010 жылғы бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша (адам): Орыстар — 2 365 845 Немістер — 30 924 Украиндар — 22 098 Татарлар — 24 158 Өзбектер — 12 655 Қазақтар — 10 705 Тәжіктер — 10 054 Армяндар — 9508 Әзербайжандар — 8008 Қырғыздар — 6506 Белорустар — 5382

Әкімшілік-аумақтық бөлінуі Жаңасібір облысының құрамына 15 қала (соның ішінде 8 облыстық бағыныстағы қала), 30 әкімшілік аудан, 17 қала үлгісіндегі поселке, 428 ауылдық әкімшілік кіреді.

Дереккөздер

Санат:Ресей облыстары