Хаукал, ибн Хаукал (943-969) – белгілі тарихшы, «Китаб ал-массаллик ва-л-мамалик» атты еңбегін 951 – 952 ж. қайта өңдеп жазған. Бұл кісі Оңтүстік Қазақстан аймағын суреттегенде Исфиджаб округінің қалалары мен далаларын атайды. Осы кезде Сайрамның айналасы Исфиджаб округ деп біріксе керек. Ғалым өз еңбегінде сол тұста Фараб, Кенджид, Шаша арасында 1000 түтін түркілер ислам дінін қабылдағанын, яғни ислам діні қазақ даласына Қазығұрт арқылы келгеніне куәлік етеді."Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:943 жылы туғандар Санат:969 жылы қайтыс болғандар Санат:Мұсылман географтар Санат:Ирак тарихшылары Санат:Мұсылман жазушылар