Артём Мисакович ВартанянҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері(1963), Советтік шаруашылық қызмет қайраткері, Лениндік сыйлықтың лауреаты. 27 шілде 1912 жылы АрмССР-і Карсе қаласында туған.

Еңбек жолдары 1931 жылы Владикавказ политехникалық техникумын бітірді. 1933 жылы Солтүстік түсті металл институтын бітірді. 1939 жылдан КОКП мүшесі. 1931-1941 жылдары Солтүстік Осетияда, Украинада және Пермь облысында өнеркәсіп орындарында басшы қызметте болды. 1941-1949 жылдары Шымкент қорғасын зауытының бас металлургы, бас инженері, директоры. 1949-1963 жылдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының директоры. 1963-1966 жылдары Оңтүстік Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесінің төрағасы. ҚазКСР Халық шаруашылығы Советі жанындағы химия өнеркәсібі басқармасының бастығы, ҚазКСР Түсті металлургия министрінің орынбасары. 1966-1975 жылдары ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары. 1952 жылдан Қазақстан КП ОК-інің мүшесі. 1966-1975 жылдары Қазақстан КП ОК-інің бюро мүшесі. 1975 жылдан құрметті демалыста болды 7-8 сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты 6-7 сайлауларды ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты

Жетістіктері Техникалық ғылымдардың кандидаты Лениндік сыйлықтың лауреаты(1961)

Наградалары Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері(1963) Октябрь революциясы ордені "Құрмет белгісі" ордені Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері