Еркектің эякуляциясы ( — лақтыру, шашу) немесе ұрық шашу — жыныстық қатынас кезінде немесе оның орнын басатын сексуалды белсенділіктің басқа да түрлері кезінде (мастурбация, петтинг, поллюция) зәр шығару каналынан ұрықтық сұйықтықтың шығуы. Орталығы жұлынның бел тұсында орналасқан рефлекторлы акт. Сонымен қатар ұрық шашу барысын басқаруға мидың пара-орталық бөлшектері қатысады. Эякуляция мен оған тығыз байланысты оргазмға еркектің жыныстық мүшесінің әрі-бері үйкеліс (фрикция) кезіндегі сексуалды қозудың кенеттен өршуі алып келедіМедициналық энциклопедия — Эякуляция. Әдетте оргазммен бірге жүреді. Кейде ұйқы кезінде орын алады (Поллюция).
Дереккөздер
Тағы қараңыз
Оргазм Әйел эякуляциясы
Санат:Жыныстық қатынас физиологиясы Санат:Еркектердің көбею жүйесінің физиологиясы