Шығыс Гренландия ағысы – Солтүстік Мұзды мұхиттағы суық беткі ағыс. Әрекет ету аймағы – Гренландияның шығыс жағалауы. Бүкіл жыл бойына арктикалық алаптың мұзын, жаз айларында мұзтауларды алып жүреді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 0,9 км/сағ жылдамдықпен жылжиды. Ені 350 – 400 км. Гренландия жағалауындағы су температурасы 0°С-тан да төмен, жаз айларында шығыс жағалауында 2,4°С. Тұздығы 32,0 – 33,0‰.
Тағы қараңыз Батыс Гренландия ағысы
Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Санат: География Санат: Ағыстар