Маяқұм — Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты ауыл, Маяқұм ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шәуілдір ауылынан солтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде. Ауыл бұрын "Овцевод" деп, кейін "Әл-Фараби ауылы" делініп, қазіргі кезде Маяқұм аталады.
Инфрақұрылымы Маяқұм ауылында бүгінде аурухана, "Қайқыбай Ата" мешіті, 50 орындық және 25 орындық "Тойлыкүл Ана" балабақшасы бар. Бұдан бөлек Өрт сөндіру пункті бар. "Шоқан Уәлиханов" мектебінде 400-ден астам оқушы бар. Ауылда ыстық су жүйесі жүргізілген және 3 ұялы байланыс жүйесі орнатылған.
Шаруашылығы Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, орта және шағын кәсіпкерлік.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен26263000 2634 87,8 1525 1381 90,6 1475 1253 84,9
Рулық құрамының басым бөлігін Орта жүздің Қоңырат тайпасы құрайды. Оның ішінде: Жетімдер, Маңқытай, Қира (Мәмбет), Тіней, Божбан, қыргызәлі т.б рулар бар.
Дереккөздер
Санат:Отырар ауданы елді мекендері