Үлкен Дәмді, Дәмді – Сарықопа көлінің алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысы Қарасу, Науырзым, Амангелді аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 133 км. Су жиналатын алабы 5140 км².
Бастауы Қарасу ауданы жеріндегі Жүншілік қонысы тұсындағы бұлақтардан басталып, Нарөлген қыстауы тұсында Сарыөзен өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғарының ені 3 — 7 км, сайлы, жыралы болып келеді. Жайылмасы жоғарғы бөлігінде 20 — 40 м, ортаңғы бөлігінде 1 — 3 км. Арнасының ені 40 м, жағасы тік, биіктігі 4 — 5 м. Жауын-шашын, ыза суынан толығады. Суы көктемде тұщы. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 11,6 м³/с. Өзеннің жоғарғы өңірі — егіндік, қалған бөлігі — мал жайылымы. Суы жайылым, шабындық, мал суаруға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Амангелді ауданы өзендері Санат:Науырзым ауданы өзендері Санат:Сарықопа су алабы