Төрткүл — Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жалғызтөбе ауылдық округіндегі ауыл.
Тарихы Осы ауылдың маңында ертеде ІХ-Х ғасырларда қамал іспеттес қорғандар соғылған. Оның төрт бұрышты кіретін қақпасы және биіктігі 5-6 м. болатын қабырға-дуалы болған. Қамалдың маңын мекендеген халық сырттан жау шапқан кезде оның ішіне кіріп қорғанған. Бұл қорғандар солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай әр 4-5 км сайын орналасқан. Ондай қорғандар бірнеше. Қорғандар төрт бұрышты болғандықтан, қарауыл-сақшылар оның үстіне шығып жердің төрт бұрышын қарауға мүмкіндік болған. Яғни, төрткүл дүниені бақылап отырған. Сондықтан да жергілікті халық бұл қамалдарды Төрткүл деп атаған. Ал, осы қамалдың айналасындағы елді мекендерді тұрғылықты халық қамалдың атымен Төрткүл деп атап кеткен. Кейінірек ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында Ресей шаруалары қазақ жеріне қоныс аудара бастаған кезде осы ауылға да көшіп келген орыстар жері суармалы, егіншілікке лайықты болғандықтан Багара деп атаған ҚР Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссияның 06.02.1997 ж. ұйғарымымен аталмыш ауыл тарихи атауын қайта алды.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен254239 227 95 115 118 102,6 124 109 87,9
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданы елді мекендері