Хирургиялық құралдар Краткая медицинская энциклопедия, 3-том. Москва - 1990. ISBN 5-85270-009-6 - операция жасағанда және жараны таңу кезінде, сонымен қатар диагностикалық зерттеулер жүргізу барысында жасалатын хирургиялық іс-әрекеттерде пайдаланылатын құралдар жиынтығы.
Хирургиялық құралдардың бөлінуі Хирургиялық құралдар екі түрге бөлінеді: жалпы хирургиялық құралдар; арнаулы мамандандырылған құралдар: акушер-гинекологиялық нейрохирургиялық оториноларингологиялық офтальмологиялық, травматологиялық ортопедиялық урологиялық Хирургиялық құралдарға жеке бір бөлшектен бастап, механикалық, электірлі және пневматикалық тәсілмен жүретін құралдар жатады(бірнеше мыңдаған атаулы хирургиялық құралдар).
Құралдардың қызметтік әрекеті бойынша түрлері Кесетін құралдар (тінді кесу, бітеу жараны жару, дене мүшесінің ауруға шалдыққан бөлігін кесіп алып тастау, ісікті тілу т.с) - медициналық: қашау, қалақшалар, пышақтар, қайшылар, распаторлар, сүйек қысқыш және тістеуік және т.б. Қадайтын құралдар (дәрі ерітінділерін егу, тігетін жіптер,трубкалар, түтіктер және т.б.). Қысқыш құралдыр (қан тоқтату, тіндерді, дене мүшелерін немесе хирургиялық инелерді ұстау және бекіту) - қан тоқтататын, тамырларды уақытша қысатын қысқыш, тіндерді бекіткіш, ішек-қарынға арналған, ине ұстағыш, іскектер (пинцеттер) және т.б. Кеңейткіш және ығыстырқыш (операция кезінде басқа мүшелерді кездейсоқ зақымдамас үшін жараны, кесілген жерді, мүшелердің жолдарын кеңейту және ығыстыру). Шолғырлау(зондирование) және трубка жіберу(бужирование) - жіңішке, қысаң жерлердің саңылауларын ашу.
Құралдардың жасалған материалдары және сипаты Хирургиялық құралдар көбінде металдан: никельді немесе хромды құрыш , тотықпайтын хромды құрыш, жез және басқа қоспалардан жасалады. Тоттануға беріктігімен, әрі жеңілдігімен ерекшеленетін титан және оның қоспаларынан, сонымен қатар пластмассадан жасалған құралдарды да пайдалану кең тараған. Пайдалану мақсатына қарай кейбір құралдарды термиялық өңдеуден өткізіп шыңдайды(құралдар қатаяды және баяу мұқалады) және күйдіреді (құралдар жұмсақ және иілгіш келеді). Берік және қатты болу үшін арматура салу арқылы материалды нығайтады. Құралдар түсі негізі жалтыраған, жылтыр болып келеді. Операция кезінде мұндай құралдар шағылысып, іске кедергі жасамас үшін, кейбір құралдарды күңгірт етіп жасайды (титан қоспаларынан). Хирургиялық құралдардың көпшілік бөлігі белгілі бір шұғыл іс-әркет жасауға (өкпе хирургиясы, жасанды өңеш жасау, жүрек-қантамырлар хирургиясы және т.б. үшін) немесе белгілі бір көлемде дәрігерлік көмек көрсетуге (үлкен операциялық жинақ, кіші операциялық жинақ және басқа) арналып жинақталады. Олар әсіресе далалық-әскери және жедел жасалатын хирургиялар үшін өте қолайлы.
Құралдарды залалсыздандыру(стерильдеу) Хирургиялық құралдарды залалсыздандыру термиялық, химиялық және радиациялық тәсілмен жүргізіледі. Емдеу-профилактикалық мекемелерде залалсыздандыруды негізінен булайтын немесе ауамен тазартатын аспапты қолданып термиялық тәсілімен жүргізеді. Құрлдарды залалсыздандыру және температурасы мен уақыты: бумен - металдан жасаған құралдарды - 132°С-та 20 минут; бумен - резеңкесі, ақсөлі (каучук) бар құралдарды - 120°С-та 45 минут; құрғақ ыстық ауамен - 180-160°С-та жасалынған материалына байланысты 60-150 минут. Жараға тимеген құралдарды дистилденген судың өзімен немесе натрий бикарбонаты қосылған қосапсымен 30 және 15 минут дезинфекциялайды. Ыстыққа төзімсіз және термиялық өңдеуден кейін қасиеті өзгеріске ұшырайтын құралдарды химиялық тәсілмен (6 проценттік сутек тотығы ерітіндісінде) залалсыздандырады. Залалсыздандыру алдында әр құралдың дұрыстығы тексерілуі қажет.
Құралдарды тазалу және өңдеу Құралдар пайдаланғаннан кейін дұрыс өңделіп, тазалануы қажет, оларда жабысқан қан құрамында микробтар, жұқпалы вирустар тіпті залалсыздандырғаннан кейін де сақталып қалуы мүмкін. Сондықтан оларды ұқыпты тазалаудың маңызы өте зор. Құралдарды өңдеу және тазалау барысы: алдымен 20-25°С тотықтар ингибиторына 60 минутқа батырып қояды; уақыты өткен соң ағып тұрған сумен шаяды; одан кейін 40-50°С 0,3 -0,5 проценттік жуғыш затқа салып жібітеді; жібіген соң сол ерітіндіде ысқышпен жуады; жуып болғаннан кейін 3-10 минут ағынды сумен, 0,5 минут дистилденген сумен шаяды; соңында 85°С-та кептіреді. Хирургиялық құралдар хирургиялық шкафтарда сақталады. Сақталу барысы әр құралдың нұсқауы бойынша қадағаланып, тиісінше күтіліп ұсталынуы тиіс.
Хирургиялық құралдар және қысқаша сипаттама
Жалпы хирургиялық құралдар:
L= жалпы ұзындығы, l =жұмыс бөлігінің ұзындығы, b =жұмыс бөлігінің ені, d =диаметрі, W =айна шығыны, m =массасы, h =биіктігі (мм). Құралдың аты (жақша ішінде олардың нөмерлері) Пайдаланылуы қысқаша сипаттамаТүзу сапты диссектор (1) Тінді жіктеу, тамырларды бөлу және оларды уақытша қысып қою L= 220; b=2; 3,5Сабы алты қырлы жалпақ қашау/долото/ (2) Сүйекті үңгілеу және жіктеу L= 230; b=10;15;20;25;30;40Қан тоқтататын қысқыштар: тісті; имекті; түзу (3,3а) Тамырдан қан кетпеу үшін уақытша қысу L= 158;196;270, түзудікі L=160;198 Қан тоқтататын қысқыштың "Москит" түрі: имекті; түзу (4) Нейрохирургиялық операцияларда тамырларды қысу L=151, түзудікі L=154Операциялық жабындыны теріге жапсырып қоятын қысқыш (5) Аздап иілген L= 90Операциялық жабындыға арналған кремальерлі қысқыш (6,6а) Операциялық жабындыны теріге жапсыру L=146Операциялық жабындыны қарынның көк етіне қысатын кремальерлі қысқыш (7,7а) Операциялық жабындыны денеге жапсыру L= 195 L= 160(балаға) Іш құрылысына арналған айна (Дуайена) (8) Операция кезінде іш құрылысын ығыстыру L=250; 220; b=100; 60Жүрекке арналған айна (9,9а) Кеуде қуысына операция кезінде жүректі ұстап тұру L= 205; b=50; 40Бауырға арналған айна (10) L=285; b=36;Екі жаққа ашылатын ректальді айна (11) Көтен ішекті және басқа табиғи кааналдарды кеңейту L=200; l=100; b=25;Зобқа арналған шолғы (зонд) (12) Итеру, тінді іру және қалқанша безді алу L=180; Астаушалы хирургиялық шолғы (13,13а) Тінді жару және тіннің түпкі қабатын сақтау L=170; Екі жақты түймелі хирургиялық шолғы (14) Каналдар мен қуыстарды тексеру (120°-қа иуге және түзеуге болады) L=160; d=2Екі жақты түймелі құлақты хирургиялық шолғы (15) Каналдар мен қуыстарды тексеру және лигатура (жіп), тампон және дренажды ұстау L=160; d=2-3Жалпы хирургиялық инені және түтікті ұстағыш (16,16а) Тінді тігу кезінде инені өткізіп тігу және ұстау. Бас жағына алмаз ұнтағы жағылады L=160; 200 , 250; b=3, b=2Жұқа екі жақты ілгек (Фарабефа) (17) Жараның шеттерін ашу және ірі қан тамырларын ығыстыру L=156; b=16, l=13, 17Екі, үш, төрт тісті өткір және мұқалған ілгек (18,18а) Жараның шеттерін ашу және ұстау: өткірі-тығыз, мұқалғаны-жұқа жерлерін ұстауға L=200; 190-200; 190-220Қатты медициналық қалақ (үлкен,кіші, орташа) (19) Қатты тіндердегі патологиялық өсінділерді қыру L=175; b=22, 9, 15Өттегі тастарды алуға арналған жұмсақ және мұқалған медициналық қалақ (20) Өт жолдарындағы тастарды алу L=300; Резінке қаптамалы хирургиялық темір балға (21) Операция кезінде қашауды соғу L=250; m= 725 және 570 г.Ампутациялық үлкен және кіші пышақ (22) Аяқ-қолға ампутациялау кезінде жұмсақ тіндерді кесу және ажырату L=315; l=180; L=250; l=120; Кесуге арналған жалпақ пышақ (23) Пластикалық операция кезінде ұсақ сүйектердің тығыз тіндерін кесу L=165; l=55; Түпкі қуыстарға арналған тік қайырылған қайшы (24,24а) Қол жетпейтін қуыстардағы жараның тіндерін кесу L=250; Таңу материалдарына арналған түзу қайшы (25) Таңғыш материалдардың қалың жерлерін кесу L=235; Таңу материалдарын кесуге арналған түймелі көлбеу қайырылған қайшы (26) Таңу материалдарын шешу L=185; Бір жағы үшкір медициналық қайшы (27) Теспес үшін тінді кесу L=140; Мұқал басты медициналық түзу қайшы (28) Операция кезінде жараның беткі және түпкі тіндерін кесу L=140; L=170; Мұқал басты медициналық тік қайырылған қайшы (29) Операция кезінде жараның беткі және түпкі тіндерін кесу L=140; L=170; 240 Аяққа арналған медициналық ара темір (30) Сүйектің қатты тіндерін (ұсақ сүйек, шеміршек) кесу L=185;Алмастырылатын үш полотнолы медициналық жақтаулы ара темір (31) Ірі сүйектерді кесу L=350; b полотна=6; 9, 12Пластикалы анатомиялық іскек (пинцет) (32) Нәзік тіндерді ұстату және жара тігістерін алу L=150; 200, 250, b=1,5-2,5Табаны бедерлі хирургиялық іскек (пинцет) (33,33а)Тығыз тіндерді ұстату, сонымен қатар инені, лигатураны ұстау L=150; 200, b=5,5Барлық мақсатта пайдаланылатын хирургиялық іскек (пинцет) (34)Жараның шетін, тығыз тіндерді берікірек ұстау L=150; 200, 250, b=1,5-2,5Кеуде қуысына арналған жалаң төрткілдеш кеңейткіш (3 түрі бар) (35)Омыртқа мен бүйрекке операция жасағанда кесілген жерді кеңейту L=213; Кремальерлі екі жақты кеңейткіш (36)Іш, кеуде қуысындағы кесілген жерді ашу (қосымша алынып-салынатын айнасы бар) L=225; b=60Түзу және иілген медициналық распатор (37,37а)Сүйек үстіндегі шеміршектерді ажырату L=175; b=12Оң және сол жаққа қарай қос бүктемесі бар қабырғаға арналған распатор (38)Қабырғаның артқы қабатын тазалау L=205; Бұрандалы ауыз кеңейткіш(39)Ауызды баяу әрі бірқалыпты ашу L=125; b=12Кремальерлі кеңейткіш: үлкен, кіші, орташа (40)Ауызды тез ашу L=190; b=12; L=138; b=9; L=170; b=10;Жалпақ скальпель: үлкен, кіші, орташа (41)Жұмсақ тінді тілу L=160; l=46; 50; L=145; l=30; 32; L=150; l=40; 42;Үшкір орташа скальпель (42)Жұмсақ тінді тілу L=150; l=40; Тілге арналған екі жақты қалақша (43)Ауыз қуысын тексергенде тілді басу L=180; b=2; Геморройдық түзу және майысқан қысқаш (44)Геморойдық түйіндерді ұстау L=225; b=18; Ішекті қысып ұстайтын қысқаш (45,45а)Ішекті қысу L=200; b=4;Өкпені қысып ұстайтын қысқаш (46)Өкпені ептеп ұстату L=245; 207, b=20; 28 Табаны бедерлі тығыз тіндерді қысатын қысқаш (47,47а)Шеміршек және бұлшық еттерді қысып ұстау L=273; b=7,5 Ішек қысатын домалақ басты қысқаш (48)Ішекті қысу L=240; b=10 Сүйекке арналған найза пішінді ернеулі тістеуік (49)Сүйекті ұмату L=225; Сүйекке арналған жартылай дөңгелек ернеулі топсалы тістеуік (50)Сүйекті аралап кескеннен кейін тегістеу L=223; Көлденең кертігі бар тіл ұстағыш (51)Тілді ұстап шығару және ұстау L=170; 140 Нейрохирургиялық құралдар
Нейрохирургиялық құралдарға қысқаша сипаттама: L= жалпы ұзындығы, l =жұмыс бөлігінң ұзындығы, b =жұмыс бөлігінің ені, d =диаметрі, W =айна шығыны, m =массасы, h =биіктігі (мм). Құралдың аты (жақша ішінде олардың нөмерлері) Пайдаланылуы Сипаты Қан тоқтататын нейрохирургиялық қысқыш; түзу (52), қисық (52а) Мидан кететін қанды тоқтату L=145; 143,5 Тұтқасы мен басы темірден тұратын бұрғы (әр түрлі пішінді тескіштер жинағы) (53) Сүйекті тесу, негізінен бас сүйекті фрез d=3,5-18; тескіш-4,5-20; ұзартқыш L=115 Дальтрен тістеуіктері; үлкендерге (54), балаларға Бас сүйегін тесіп операция жасағанда сүйекті қыршу L=205; 170Егоров пен Фрейдиннің тістеуігі: аздап, орташа, көбіре қайысқан (55) Бас сүйегін тесуде, омыртқаның доғаларын қыршып алу L=235; b=10; 5; 7Тік майырылған нейрохирургиялық қайшы (56) Ми қабықтарын қию L=175;Тұтқасы мен өткізгіші бар айналмалы сымды ара (57) (в-ара, г-тұтқа, д-өткізгіш) Бас сүйегіндегі бұрғыланған тесіктердің ортасын кесу L=500; d=0,34; өткізгіш L=335
Оториноларингологиялық құралдар
L= жалпы ұзындығы, l = жұмыс бөлігінң ұзындығы, b =жұмыс бөлігінің ені, d =диаметрі, W =айна шығыны, m =массасы, h =биіктігі (мм).