Дәрмене немесе ақ жусан () – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шала бұта. Орта Азияның (Оңтүстік Қазақстан) эндемигі.
Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 18 – 30 см. Өзіне тән аңқыған өткір иісі бар. Улы өсімдік.
Тамыры ағаштанып кеткен, өзекті, қара-қоңыр түсті.
Жапырақтары кезек орналасқан, сызықты жиеленген. Гүлдеу кезіне қарай көбі түсіп қалады.
Гүлдері майда, 2-3 мм, қос жынысты. Гүлшоғыры - себетше.
Химиялық құрамы Жер бетіндегі бөліміннің құрамында сесквитерпенді лактон сантонин (до 7 %) және 1,5—3 % эфир майлары, цинеол және басқа терпендер (70—80 %Блинова К. Ф. и др.,Ботанико-фармакогностический словарь : Справ. пособие , Под ред. К. Ф. Блиновой, Г. П. Яковлев,М,изд.Высш. шк.,1990,227,isbn=5-06-000085-0), камфора, карвакрол.
Таралуы Түркістан облысы, Арыс ауданының Дәрмене кеңшарында қолдан өсіріледі. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жусандар Санат:Күрделігүлділер Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер