Асамбаев БазарбайГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Шұбар ауылдық советі, Жаңалық колхозының бригадирі (1940). 1904 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы Жаңалық колхозын ұйымдастыру барысына ат салысады. 1940 жылы қызылшашылар бригадасының бригадирі болады. Сол жылы өнім алудан жоғары көрсеткіш бергені үшін "Құрмет грамотасымен" марапаталады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, майданда болады. Соғыстан қайтқан соң өз колхозында жұмысын жалғастырып, жоғары өнім алуға бар күш-жігерін салады. 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. 1947 жылы агротекниханы дұрыс қолдана білудің арқасында оның бригадасы 5 гектар жерден 869 центнерден, 19 гектардан 339 центнерден қант қызылшасын жинаған. 1948 жылы 3 гектар жерге 826 центнер қант қызылшасын өсіріп, бұл еңбегі үшін екінші Ленин орденімен нагардталады.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) 2 мәрте Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері