Мұрадов Фаржан Мұса-ОглыГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Новый путь" колхозының звеношысы (1947). 1906 жылы Әзірбайжанда туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1937 жылы Қазақстанға қоныс адарған соң "Новый путь" колхозында қызылша өсіруші болып жұмыс істейді. 1947 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болады. Осы жылы қажырлы және алдыңғы қатарлы агротехниканы іскерлікпен қолдана білудың арқасында оның тобы жоғары өнім алады - 2 гектар мол түсімді алқаптың әр гектарынан 809 центнерден және өздеріне бекітілген қалған 10 гектар жерден 354 центнерден қант қызылшасын жинап, жоспарды артығымен орындайды.
Наградалары Ленин ордені "Орық пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері