Әбу Абдуаллаһ Джабир ибн Хайян ад-Азди ас-Суфи (; Тус, 721 шамасы, — Эль-Куфа, 815 шамасы) - Еуропада Гебер (Geber) атымен белгілі араб ғалымы, дәрігер, математика, алхимия, философия т.б. ілім салаларынан жазған көп ғылыми еңбектері бар. Әкесі Хайан ад-Азди Йеменнен шыққан фармацевт болған.

Көптеген шығармаларының ішінде алхимия жөніндегі кітаптары көбірек пайдаланылған. Олардың маңыздысы тек 1927-29 ж. Каир, Стамбул кітапханаларында араб қолжазбаларынан табылған. Жабир ибн Хаиян өз заманында әр түрлі заттарды алу және тазарту тәсілдерін толық жазған:еру, кристалдану, айдау, сұйылмай булану т.б., сонымен қатар көптеген хим.препараттар алу әдісін (мысалы, азот қышқылы, азот қышқыл күміс, мұсатыр, алмас), матаны бояуды т.б.түсіндірді. Ол тәжірибеге үлкен мән беріп, теорияы да жоғары бағалаған.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Араб ғалымдары