Қарабастау — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Билікөл ауылдық округінің орталығы. Осы өңірдегі ең үлкен елді мекендердің бірі. Ауылдың дәл іргесінен суы мөп-мөлдір үлкен бастау жер астынан қайнап шығып жатыр. Суының дәмі де ерекше. Айналасында әдемі саялы ағаштар өсіп тұр. Жанында үлкен тоған бар. Бастауды халық ежелден "Қарабастау" деп атайды. Ауылдың атауы да осы сөзге саяды.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1045 1029 98,5 546 537 98,4 499 492 98,6
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы елді мекендері