thumb|Ай-тодордағы әйгілі "Қарлығаш ұясы" сарайына көрініс Ай-тодор (, ) - Қырымның оңтүстік жағалауындағы мүйіс. Ялтаның оңтүстік-батысында 8,5 км жерде. Ялта қолтығын батыс жағынан орап тұрады. Могаби тауының Қара теңізге тік жартастанып, тіреліп тұрған әк тас сілемдері. Сол сілемдердің бірінде 19-шы ғасырдың аяғында псевдоготика стилінде салынған атақты "Қарлығаш ұясы" атты сарай бар. І-ІІІ ғасырдағы Римнің Хараке әскери лагерінің қалдығы сақталған. 1835 жылы ең оңтүстік сілемінде Ай-тодор шамшырағы орнатылған. Шамшырақ бүгінгі күнге дейін кемелерге жолын көрсетіп тұрады. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:География