Халит Ергенч (түр: Halit Ergenç; 1970 жылы 30 сәуірде Ыстанбұлда дүниеге келген) — түрік елінің театр және кино актеры.

Өмірбаяны Халит Ергенч 1970 жылы Ыстанбұлда актер Саит Ергенчтың отбасында дүниеге келген. 1989 жылы ол Ататүрік атындағы лицейде білім алды.

ЖОО-ны жалғастыру үшін Халит алғашында Ыстанбұлдық техникалық университетіне, бірінші курсты тәмамдағанан кейін Мимар Синан атындағы Университетке ауысып кеткен. Оқу кезінде ол маркетолог және оператор болып жұмыс істеген. Бір кезде Халит әнші Айше Пеккан мен бірге ән айтып, биші ретінде де өзін көрсеткен.

Мансабы 1996 жылы Халитты «Дормен» театрына жұмысқа қабылдап, оған «Патша және мен» мюзиклінен оның алғашқы рөлін берді. Қара періште телехикаясы арқылы ол өзін жақсы көрсете білді. Ергенч театрда жұмысын жалғастырып, онда «Мені сүйші, Кет!», «Тәтті ғашықтар», «Мені жақсы көр», «Амфитрион», «Евита», «Елес және басқалары», «Сарқырамалар суарса» қойылымдарында орын тапты. «Көше Капмаджа» және «Олжақта бола ма?» телехикаяларында жұмыс істегенен кейін, ол Нью-Йоркке барып, онда «Зактың хикаялары» мюзиклінде ойнады.

2000 жылы Ергенч «Жоқ жерден махаббат», «Ажал іздері» фильмдерімен, «Зерде», «Әкем, Гофрет және мен» телехикаяларында рөл алды.

Сонымен қатар Ергенч «Бүгін кет ары, кел», «Попкорн», «Арапшасы» театралдық қойылымдарында ойнаған. 2004 жылы ол «Алия» телехикаясында Санем Челик және Нежат Ишлермен бірге басты рөлдердің біріне ие болды. 2005 жылы Ергенч режиссер Шаған Ермектің «Әкем мен ұлым» драмасында түсті. 2006 жылы «2.0 желісі» фильмінде Халит Ергенч Германияның беделді түрік актрисасы – Селма Ергечпен бірге басты рөлде көрінді. 2006 жылдан бастап «Мың бір түн» телехикаясында Онур Ақсалдың рөлін сомдаған.

Сол шақта сонымен қатар ол: «Көтеріліс машиналары» және «Алғашқы махаббат» фильмдерінде рөлдерін сомдады. 2006–2008 жылдар аралығында Халит Ергенч Нью-Йорктегі Манхеттеннің әйгілі театры Бродвейде көптеген басты рөлдердің майталманы болған. Ергенч тағы «Көшбасшымыз - Ататүрік» фильмінде Мұстафа Кемал Ататүріктің рөлін сомдады. 2011 жылдан бастап «Тамаша ғасыр» телехикаясында I Сүлейменнің рөлінде ойнады. Халит керемет биші. Ол түріктің «Үлкендер үшін бишілер» атты бағдарламада қатысқан. Халит Ергенчтің айтуы бойынша оған Зеки Демиркубуз және Ферзан Езпетек атты әйгілі режиссерлермен жұмыс істегенді және Реха Ердем бен Шаған Ермек атты жас дарынды режиссерлермен жұмыс істеуді жақсы көретінді.

Жеке өмірі 2008 жылы Халит Гизем Сойсалдыға үйленді, бірақ, біржарым жылдан соң жұп ажырасып кетті. Одан кейін «Мың бір түн» телехикаясы кезінде бірге жұптасып жұмыс істеген актриса Бергүзар Көрелге үйленіп, одан Али атты ұлы бар.

Фильмография жылы Қазақша атауы Шынайы атау Сомдаған рөлі1996ф «Тәтті ғашықтар» Tatlı Kaçıklar Күршат / Kürşat1996с «Қара періште» Kara Melek1997ф «Олжақта бола ма?» Böyle mi Olacaktı?1998ф «Құрметшілер» Gurbetçiler1999тф «Ажал іздері» Ölümün El Yazısı2000ф «Жоқ жерден махаббат» Hiç Yoktan Aşk2001с «Әкем, Гофрет және мен» Dedem, Gofret ve Ben Ведат / Vedat2002с «Азад» Azad2002с «Зейбек жалыны» Zeybek Ateşi Алеко / Aleko2002с «Құмсалдағы іздер» Kumsaldaki İzler Фазыл / Fazıl2002с «Зерде» Zerda Дәурен / Devran2003с «Әке» Baba Қартал / Kartal2003с «Сапкадан әкем шықты» Sapkadan babam çikti2003с «Есір Шехрин істері» Esir Şehrin İnsanları Лари Диксон / Lary Dixon2004ф «Мектеп» Okul Себел бей / Sebel Bey2004с «Әлия» Aliye Синан Карахан / Sinan Karahan2005ф «Әкем мен ұлым» Babam ve Oğlum Өзкан / Özkan2006ф «2.0 желісі» The Net 2.0 Игорь Иванаков / Igor Ivanakov2006ф «Трамвай» Tramvay Незих / Nezih2006ф «Алғашқы махаббат» İlk Aşk Кемел / Kemal2006-2009с «Мың бір түн» Binbir Gece Онур Ақсал / Onur Aksal2008ф «Көтеріліс машиналары» Devrim Arabalarıбас инженер Ұғыр/ Yüksek Mühendis Uğur2009ф «Ащы махаббат» Acı Aşk Орхан Атаұлы/ Orhan Ataoglu2010ф «Көшбасшымыз - Ататүрік» Dersimiz - Atatürk Мұстафа Кемал Ататүрік2011ф «Қонақ» Misafir Оқтай / Oktay2011-2014с «Тамаша ғасыр» Muhteşem Yüzyıl Заңшы Сұлтан Сүлеймен / Kanuni Sultan Süleyman