thumb|250px|right|Осы ғимаратта Сан-Стефан бітім шартына қол қойылған thumb|250px|right|Сан-Стефан бітім шарты бойынша балкан мемлекеттердің және Ресейдің шекаралары Сан-Стефан бітім шарты (19 ақпан (3 наурыз) 1878жыл) - 1877-78 жылғы орыс-түрік соғысын аяқтаған шарт. Балкан халықтары Османлы империясының қысымынан босау үшін маңызы зор болды.

1877-78 жылғы Орыс-Түркия соғысының нәтижесінде Ресей әскері Османлы империясының бүкіл европалық бөлімін басып алды. 1878 ж. 16 наурызда Сан-Стефанода (Константинопольдің батыс провинциясы, қазіргі Ешилькёй (Yeşilköy) Стамбулдың Бакыркёй ауданында) Ресей жағынан Константинопольдағы бұрынғы елші - граф Николай Игнатьев және Балкандағы орыс әскердің дипломатиялық кеңсенің басшысы, келешек елші - А. И. Нелидов, ал Түркия жағынан сыртқы істер министрі Савфет паша және Түркияның Германиядағы елшісі - Саадуллах-паша қол қойды.

Сан-Стефан бітім шарты бойынша:

Черногория, Сербия мен Румыния толық тәуелсіздік алды және олардың территориясы едәуір ұлғайтылды.

Босния мен Герцеговинаға Осман империясы құрамында автономия правосы берілді.

Түркия Ресейге 310 млн рубль котрибуция төлеуге міндеттенді.

Балкан түбінде ірі славян мемлекеті - Болгарияның құрылуына байланысты Ресейдің позициясы нығайды.

Англия мен Австро-Венгрияның Ресейге қарсы дұшпандық позиция ұстауы нәтижесінде Сан-Стефан бітім шарты түпкілікті болмады, оның "жалпыевропалық мүдделерге" қатысты бөлімдері халықаралық конгрессте (Берлин конгресі, 1878) қайта өзгертілді.

Қызықты деректер Осы күге дейін Болгарияда Сан-Стефан бітім шартына қол қойылған күн ұлттық мейрам күні, Болгарияның азаттық алу және қайта құрылу күні болып тойланады.

Сан-Стефан бітім шартының құрметіне 1-ші наурыз 1878 ж, ашылған астероидтың (185) аты Эвника деп қойылған, себебі Эвника деген сөз - грек мифология бойынша "бақытты жеңіс" деп аударылады.

Сыртқы сілтемелер Текст договора на hronos.ru Николай Троицкий Русско-турецкая война 1877—1878 жж./Итоги // Россия в XIX веке. Курс лекций. М., 1997.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Бітімгершілік келісімдер Санат:1878 жыл Санат:Ресей империясының халықаралық келісімдері Санат:Османлы империясының халықаралық келісімдері Санат:Болгария тарихы Санат:Румыния Санат:Сербия Санат:Черногория Санат:Түркия тарихы Санат:Орыс-түрік соғыстары