Чхуңчхо́ң-Намдо́ (Оңтүстік Чхуңчхоң) — Оңтүстік Кореяның батысында орналасқан провинция. Әкімшілік орталығы — Тэджон қаласы.
Экономика және ресурстар Провинцияның үштен бір бөлігі ғана адаммен игерілген. Негізгі шаруашылық саласы — ауыл шаруашылығы және балық аулау. Жағалаудың 220 шаршы километрі тұз өңдірісіне пайдаланылады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, алтын, күміс, сирек кездесетін жерасты металлдары торий және цирконий. Қазіргі таңда жоғарғытехнологиялық өңдіріс дамуда. Провинция шекарасында бірнеше техноалаңдар салынған. Сол себепті провинция экспорты 2001 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта 116 млн доллардан 335 млн долларға өсті.
Назар аударарлық орындар 845 метр биіктікте орналасқан Керен тауының жоталарында орналасқан ұлттық саябақ өзінің жартастарымен әйгілі. Алаңда будда храмдары орналасқан. 1978 жылы Тхэана Ұлттық Теңіздік паркі ашылған. Әкімшілік бөлінісі Чхунчхон-Намдо 8 қалаға (си) және 8 уездге (кун) бөлінген.
Карта # Атауы Хангыль Ханча Халқы (2013)— Қалалар —1Чхонан천안天安584,2402Асан아산牙山283,1213Сосан서산瑞山163,8004Танжин당진唐津156,0265Гонджу공주公州116,8386Нонсан논산論山126,0867Борён보령保寧105,3558Герёң계룡雞龍40,997— County —9Хонсон홍성군洪城郡89,17410Есан예산군禮山郡85,62611Буё부여군扶餘郡72,95912Сочхон서천군舒川郡58,74013Тэан태안군泰安郡62,51914Гымсан금산군錦山郡55,43315Чхонъян청양군青陽郡32,105
Символдар Гүл: хризантема. Құс: мандарин үйгері. Ағаш: тал. Маскоттар: Гыдори және Гыйоми тасбақалары.
Сілтемелер Провинция сайты (англ)
Санат:Оңтүстік Кореяның әкімшілік бөлінісі