Шернияз — Жүсіпбек Аймауытовтың ең үздік пьесаларының бірі. Бұл пьеса ішінара өлеңмен жазылған. Жүсіпбектің Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнаған пьесасы. 1926 жылы Семейде басылып шыққан. Пьеса театр сахналарында қойылған. нобай|солға Қысқаша мазмұны Бұл шығармада алғашқы ұлттық интеллигенция өкілдерінің екі ұдай жолға түсуі,олардың екі қиырға тартуы, екі түрлі сенім - наным қақтығысының пайда болуы бейнеледі.Сонымен қатар пьесада шығарманың басты кейіпкері Шернияздың өзінің туған жеріне деген ыстық сезімі көрініс табады.Шернияз үшін туған жер қасиетті де қадірлі.Оның аманат - борышты, қарыздарды өтеу жолында күресу керек барлығы ел қамы үшін деген ойлары пьесада көрініс табады.
Шығарма кейіпкерлері Шернияз - ақылды,бойында адамгершілік қасиеті жоғары адам қатарынан.Оның бойында күш - қайрат, білім мен талант дарыған. Жасы 26 - да.
Базарбай - оқыған,жасы 25 -те, ойының бәрі тек арамдық. Оның елге барғандағы мақсаты ағайын - туыстардың,ауылдас - руластардың шоқпарын соғу, пара алу, баю, серілік - салдың құру,Дағдылы әдеті - ар - ұятты,достық - жолдастықты ұстану емес,реті келіп жатса, жақын - жуықты қаралаудан тайынбайды.
Раушан - Шернияздың сүйіп қосылған жары.Ол оқымаған,Раушанда тазалық,адамдық болғанымен оған таным - талғамы жетіспейді,осыдан барып олардың аралары суып,ақыры ажырасып тынады.
Жәмила - қала қызығына түскен,ойын - сауық, ләззат пен рақатты өмірдің мәні деп білетін жеңіл жүрісті әйел.Ол Шернияздың әйелі болады,бірақ ол күйеуінің көзіне шөп салады.
Рәзия - даяршы қатын, 25-те.
Алшағыр - қыр қазағы, Шернияздың ағасы, жасы 40-та.
Қордабай - Раушанның әкесі, жасы 60-та
Жаңылтай' - келіншек, жасы 22-де
Дереккөздер Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994. http://aimauytov.psu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=64&Itemid=1
Санат:Қазақ пьесалары Санат:Қазақ әдебиеті