Морфидтер тұқымдасы () - өте шағын (ол тек 80 түрді ғана қосатын бір ғана морфо тегінен құралған).
Биологиялық сипаттамасы Көбелекті әлемдегі ең әдемі жәндік деп аталады (грек тілінен аударғанда «морфо» сөзі әдемі дегенді білдіреді). Түгел дерлік ақ бояуға малынған морфидтер бар, алайда аталықтарының қанаттары әртүрлі реңдермен құбыла құлпырып тұрады, қара күлгін түстен аспан-көк бояуға дейін жайнаса, енді бірде жылтыр күмістен жасалған айнадай күнге шағылысады. Қанатының асты әдетте қара-қоңыр, бұтаққа қонған көбелекті солған жапыраққа ұқсатуға болады.Аналықтар аталықтан ірі және қоңыр, сары-жосалы немесе қызғылт түске малынған.
Мофидтердің жылдамдығына көз ілеспейді, кейбіреулері жерге мүлдем түспейді. Яғни өз өмірлерін орманның сәулелі қабатында 60-70 м биіктікте өткізеді. Бразилиялық үндістер морфо көбелегін «аспанның жерге тартуы» деп атайды және өлілердің жаны осыған айналады дегенге сенеді.Сондықтан жерлеу кезінде олар морфидтердің ұшуына ұқсайтын рәсімдік би билейді. Алайда әккі көбелек аулаушылар жүз метрдан көрінетін қанаттарының жарқылы өз тектестерін еліктіретінін жақсы пайдаланған.Танымал «көбелек аулаушы » Эжен Ле-Мульт өз кітабында таңсәріде бір көбелекпен 27 морфидті тұзаққа түсіргенін мақтана жазады.Соңғы кездері тұқымдастың кейбір өкілдерін арнайы фермаларға саудалай бастағаны жақсы болды. Морфид қанаттарының көркем бояуы қандай да бір ерекше реңдерге емес, оптикалық әсерге тәуелді.Көбелектің қанатында миллиондаған оптикалық қабыршақтар бар, төменгі бөлігін жарық өткізбейтін меланиннің қара реңі құрайды.Ал жоғарғы жағы- ашық түсті, сондықтан кез келген қабыршақ шағылысқан сәулемен жарқырайтын ұсақ айна ретінде көрініс табады.Бұл сәуле қабыршақтың ашық бөлігіндегі өте күрделі микроқұрылымының арқасында сиқырлы түспен құлпырады.Оның сыртында қабырғалар, ал ішінде қуыстар мен бағаналы далдалар орналасқан.Әр бұрыштан қабыршаққа құйылатын түрлі сәуле толқындарының шағылысуы, сынуы жыне тоғысуы осы сырлы құбылысты тудырады.
Таралуы Морфидтер тек Оңтүстік және Орталық Америкаға бауыр басқан, әсіресе Бразилияда сан алуан түрлері тіршілік етеді.
Тұқымдас тармақтары Aemona Hewitson, 1868 Amathusia Fabricius, 1807 Amathuxidia Staudinger, 1887 Antirrhea Hübner, 1822 Caerois Hübner, 1819 Discophora Boisduval, 1836 Enispe Doubleday, 1848 Faunis Hübner, 1819 Hyantis Hewitson, 1862</small> Melanocyma Westwood, 1858 Morpho Fabricius, 1807 Morphopsis Oberthür, 1880 Sinarista Weymer, 1909 Stichophthalma C. et R. Felder, 1862 Taenaris Hübner, 1819 Thaumantis Hübner, 1826 Thauria Moore, 1894 Xanthotaenia Westwood, 1858 Zeuxidia Hübner, 1826
Дереккөздер Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН, Жәндіктер, Мәскеу Росмэн 2012. Blandin, P. 2007. The Systematics of the Genus Morpho, Lepidoptera Nymphalidae Hillside Books, Canterbury.
Сыртқы сілтемелер Morphinae
Санат:Қабыршақ қанаттылар