Мишель Платини (фр. Michel François Platini; 21 маусым, 1955 жыл) — франциялық атақты футболшы, ФИФА мен УЕФА атқарушы комитеттерінің мүшесі болған.

Мансабы Мишель Платини «Нанси», «Сент-Этьен», «Ювентус» командаларында ойнаған. Еуропаның үздік ойыншысы ретінде 1983, 1984, 1985 жылдары «Алтын допты» иеленген. Барлығы 649 ресми ойын өткізген ол, қарсыластарының қақпасына 384 доп соққан.

Платини 1984 жылғы Еуропа чемпионатында 9 гол соғып, турнирлер тарихындағы мергендер көшін бастады (бұл рекордты 2016 жылы португалиялық Криштиану Роналду қайталады, бірақ төрт чемпионатта). Сондай-ақ, бір чемпионатта 9 гол соққан және екі рет хет-трик жасаған жалғыз футболшы.

1988-92 жылдары Франция құрамасын жаттықтырып, ЕУРО-1992 турниріндегі нәтижесін ойындардан соң ол қызметтен босатылды.

2007-2015 жылдары УЕФА президенті болды. 2015 жылы қазан айында 2018 жылғы әлем чемпионатының иесін анықтау жөніндегі заңсыздықтар кесірінен УЕФА президенті қызметінен босап, соңында 7 жылға футболдан шеттетілді. 2016 жылы 14 қыркүйекте ол қызметтен түпкілікті кеттіhttp://ru.uefa.org/about-uefa/president/past-presidents/index.html .

Қатысқан турнирлері

Жазғы Олимпиада ойындары: 1976 Әлем чемпионаттары: 1978, 1982, 1986 Еуропа чемпионаттары: 1984

Жетістіктері

Командалық «Нанси»

Франция кубогы: 1977/78

«Сент-Этьен»

Франция чемпионы: 1980/81

«Ювентус»

Италия чемпионы: 1983/84, 1985/86 Италия кубогы: 1982/83 Кубок иелері кубогы: 1983/84 Еуропа Суперкубогы: 1984 Чемпиондар кубогы: 1984/85 Құрлықаралық кубок: 1985

Ұлттық құрама

Еуропа чемпионы: 1984 ӘЧ қола жүлдегері: 1986

Жеке

Әлемнің үздік футболшысы (World Soccer): 1984, 1985 «Алтын доп» иегері: 1983, 1984, 1985 Еуропадағы «Алтын доп» иегері: 1983, 1984, 1985 (Onze Mondial) Францияның үздік футболшысы: 1976, 1977 Италияның үздік футболшысы: 1983, 1984, 1985 Еуропа чемпионатының үздік мергені: 1984 ФИФА 100 тізіміне енген УЕФА Президенттері Аты-жөні Елі Мерзімі 1. Эббе Шварц 1954—1962 2. Густав Видеркер 1962—1972 3. Артемио Франки 1972—1983 4. Жак Жорж 1983—1990 5. Леннарт Юханссон 1990—2007 6.Мишель Платини 2007-2015 — Анхель Мария Вильяр (м.а.) 2015—2016 7. Александер Чеферин 2016 — қазірге дейін.

Дереккөздер

Сілтемелер Мишель Платини

Санат:Франция футболшылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:УЕФА президенттері Санат:Сент-Этьен ФК ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Франция футбол жаттықтырушылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Алтын доп иегерлері