ЖҮНІСОВ МАРАТ ҚАЙСЫНҰЛЫ (1947-1999) - суретші. 1967 жылы Алматы көркем сурет училищесін, 1973 жылы Ленинградтың И. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген. Кескіндеме өнерімен шұғылданды. ҚР суретшілер Одағының мүшесі Марат Жүнісов лирик суретші. Ол өз творчествосында өмірлік әсерлерін електен өткізіп, көркемдік бағытта баяндады. Оның портреттеріндегі, пейзаждарындағы образдар түрлі-түсті күйге еніп, қоюланып, оның астарынан адамдар мен жануарлардың, символдық бейнелері пайда болады. Суретшінің полотноларында ғарыш, жер, табиғат, тipi тipшілік бip тұтастық тауып жатады.

Дереккөздер

1. Қазақстан суретшілері кітабы , 2011ж.

2. ↑http://www.shuak.kz/

Санат: Суретшілер